Бағдарлама тақырыптары бойынша тесттер
Биология, 9-сынып: тақырыптар бойынша тесттер
Қолданыстағы оқу бағдарламасының тақырыптары. Тақырыпты таңдаңыз: ЖИ тест құрастырады, оқушылар оны телефоннан QR-код арқылы тапсырады, нәтижелер бірден журналға түседі.
Өз тақырыбыңызға тест құру1-тоқсан
Жасушалық биология
- Жасушаның негізгі компонент-терінің қызметтері. Жасуша құрылымдары:плазмалық мембрана, цитоплазма, ядро, эндоплазмалық тор, жасуша орталығы, рибосомалар, Гольджи аппараты мен лизосомалар, митохондрия, пластидтер, қозғалыс органоидтары, жасушаның қосындылары. Құрылыстары және атқаратын қызметтері.
- Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу. Ұлғаю, актуальды өлшемі және суреттің нақты өлшемі. Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аудару (сантиметр-миллиметр-микрометр-нанометр). Модельдеу "Микрофотографияларды пайдаланып жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу".
Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе
- Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы.
- Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.
- Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі.
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
2-тоқсан
Тыныс алу
- Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыны салу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері.
- Аэробты, анаэробты тынысалу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы. Аэробты және анаэробты тынысалуға физикалық жүктемелердің әсері.
Бөліп шығару
- Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері.
- Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар (кариес, іріңді ангина т.б.)
- Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары.
- Құрлықта, шөлде, тұщы және тұзды суларда тіршілік ететін тірі ағзалардың зат алмасуының соңғы өнімдері. Құрамында азоты бар органикалық заттардың ыдырау өнімдері: аммиак, несепнәр, несеп қышқылы.
Координация және реттелу
- Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. Модельдеу "Жүйке ұлпаларын зерттеу".
- Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы. Модельдеу "Жүйке импульстарының туындауы мен таралу жылдамдығын зерттеу".
- Тірі ағзалардағы электрлік үдерістер. Электрорецепторлар және электрлі мүшелер.
- Тынысалу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогумо-ральдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі.
- Нейрокомпьютерлік интерфейс. Компьютер мен ми арасындағы ақпарат алмасу жүйесі.
- Гомеостазды тұрақты ұстаудың механизмдері.
3-тоқсан
Молекулалық биология
Жасушалық цикл
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
- Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалаузаңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі.
- Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының цитологиялық негіздері. Гаметалар тазалығы және оның цитологиялық негіздемесі. Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы.
- Аллельді гендердің әрекеттесуі: толықжәне толымсыз. Доминантты-лық белгілердің пайда болуы. Талдаушы шағылыстыру ұғымы мен оның практикалық маңызы.
- Жыныс генетикасы. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Жыныспен тіркесіп тұқымқуалау. Гемофилия және дальтонизм.
- Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор.
- Адам генетикасы. Адамның тұқым-қуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық аурулары-ның алдын алу. Модельдеу "Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру".
- Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары. Өнімділігі жоғары ауыл шаруашылықты жүргізудің жаңа баламалы жолдары.
4-тоқсан
Көбею
- Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі.
- Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу.
- Менструалдық цикл: менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы.
- Контрацепция түрлері. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары.
Өсу және даму
Эволюциялық даму
- Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері.
- Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы.
- Эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделушілік. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутация-лық, комбинтивтік) рөлі. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы). Тіршілік үшін күрес (түрішілік, түраралық). Модельдеу "Бейімдел-гіштікті табиғи сұрыпталу нәтижесі ретінде зерттеу (көбелек)".
- "Түр" ұғымының анықтамасы. Түр-дің құрылымы. Түр критерийлері. "Түр түзілу" ұғымы. Түр түзілудің тәсілдері мен механизмдері.