КТЖ 11-сынып Биология (төмендетілген оқу жүктемесімен) 2026–2027
«Биология (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша 11-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына КТЖ: 36 тақырып, сағат саны және оқу мақсаттары. Күндерді күнтізбе мен кесте бойынша автоматты есептеңіз.
- Тақырып
- 36
- Тоқсан
- 4
1-тоқсан
11 сағатМолеку лярлық биология және биохимия
- 1.1 сағ
Антиденелердің құрылысы мен құры-лымы. Антиденелердің арнайылығы (белсенді орталығының). Антиген мен антидененің әрекеттесуі
- 2.1 сағ
Транскрипция. Премрибонуклеин қышқылыпосттранскрипциялық модификациясы. Трансляцияның кезеңдері
- 3.1 сағ
Генетикалық кодтың қасиеттері.БЖБ
Қоректену
- 4.1 сағ
Хлоропластың құрылымдық компо-ненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні. Зертханалық жұмыс "Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу"
- 5.1 сағ
Фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңі. Кальвин циклы.
- 6.1 сағ
Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы мен жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура. Зертханалық жұмыс "Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу"
- 7.1 сағ
Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыруБЖБ
Заттардың тасымал дануы
- 8.1 сағ
Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі
- 9.1 сағ
Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы
- 10.1 сағ
Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері
- 11.1 сағ
Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың роліБЖБ
2-тоқсан
8 сағатКоординация және реттелу
- 1.1 сағ
Биологиядағы басқару жүйесі. "Басқару жүйесі" ұғымы. Басқару жүйесінің негізгі компоненттері. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі
- 2.1 сағ
Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі
- 3.1 сағ
Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі.
Көбею
- 4.1 сағ
Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары
- 5.1 сағ
Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыруБЖБ
Өсу және даму
- 6.1 сағ
Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісіБЖБ
Тұқым Қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
- 7.1 сағ
Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы. Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері
- 8.1 сағ
"Адам геномы" жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ін секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызыБЖБ
3-тоқсан
12 сағатЖасуша лық биология
- 1.1 сағ
Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. Зертханалық жұмыс "Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау"БЖБ
Биотехнология
- 2.1 сағ
Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Микроағзалармен жұмыс жасағандағы дезинфекциялау және стерильдеу әдістері. Қоректік орталардың түрлері және оларды әзірлеу. Қоректік орталарға себу тәсілдері мен техникасы. Инкубация. Зертханалық жұмыс "Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу"
- 3.1 сағ
Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. Өкілдері. Зертханалық жұмыс №6 "Бактерияларды Грамм әдісі бойынша бояу"
- 4.1 сағ
"Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы" ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы алу тәсілдері. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы. Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. "Клондау" ұғымы
- 5.1 сағ
Ағзаларды клондау тәсілдері
- 6.1 сағ
"Микроклоналды көбею" ұғымы. Өсімдіктерді микроклоналды көбейтудің кезеңдері мен әдістері. Маңызы
- 7.1 сағ
Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуыБЖБ
Биомеди цина және биоинформатика
- 8.1 сағ
Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері
- 9.1 сағ
"Эпигенетика" ұғымы. Эпигенетика туралы жалпы түсініктер. Эпигенетиканың молекулярлық негіздері. Адамдағы эпигенетикалық салдарлар. Эпигенетика және эпигеномика. дезоксирибонуклеин қышқылың метилденуі.
- 10.1 сағ
"Биоинформатика" ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану.
- 11.1 сағ
Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері
- 12.1 сағ
Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеуБЖБ
4-тоқсан
5 сағатБиосфера, экожүйе, Популяция Түрлердің алуантүрлілігі
- 1.1 сағ
Экологиялық пирамидалар. Трофикалық деңгейлер. Қарым-қатынас түрлері. Модельдеу "Қоректік тізбектерде энергияның тасымалдануының сызбасын құрастыру". Экологиялық жағдайлар мен экологиялық есептер шешу
- 2.1 сағ
Түрлердің алуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау.
- 3.1 сағ
Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлі-лігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы.БЖБ
Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері
- 4.1 сағ
Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу "Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу"
- 5.1 сағ
Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдарыБЖБ
Жиі қойылатын сұрақтар
Биология (төмендетілген оқу жүктемесімен) 11-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 36 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Күндері бар КТЖ жасау