КТЖ 8-сынып Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы (таңдау курсы)
«Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы (таңдау курсы)» пәні бойынша 8-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына КТЖ: 27 тақырып, сағат саны және оқу мақсаттары. Күндерді күнтізбе мен кесте бойынша автоматты есептеңіз.
- Тақырып
- 27
- Тоқсан
- 4
1-тоқсан
7 сағатКіріспе
- 1.1 сағ
Кіріспе: пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері, өзектілігі. Қазақстан халқы, оның күрделі этникалық құрамы. Қазақ этносының ұлт құру және мемлекет құру әлеуеті. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласында ұстанатын саясаты
"Этнос әлемі"
- 2.1 сағ
Этнос ұғымы: этнос ұғымының мәні. Негізгі түсініктер: этникалық тарих, ұлттық мемлекет, унитарлық мемлекет, федерация, титулдық этнос, көпэтностық қоғам, этносаралық коммуникация, диаспора, интеграция, ассимиляция, консолидация
- 3.1 сағ
Алғашқы этникалық бірлестіктердің пайда болуы (антропогенез, расогенез және этногенез). Этностардың қалыптасуына ықпал ететін түрлі факторлар (тарихи, географиялық, саяси, мәдени). Ірі миграциялық үдерістердің жер шарының этникалық бет-бейнесінің қалыптасуына тигізген әсері
- 4.1 сағ
Қазіргі замандағы этникалық қарым-қатынастар: Жер бетін мекендеген этностарды тілдік, антропологиялық, шаруашылық, діни ерекшеліктері бойынша жүйелеу. Қазіргі әлемдегі этностардың өзара қарым-қатынастары және негізгі үдерістері
"Көне және ортағасырлардағы Қазақстанның этносаралық қарым-қатынас мәдениеті"
- 5.1 сағ
Қазақстанның этникалық тарихы: Қазақстан этно-саяси бірлестіктерінің әлем этностарымен қарым-қатынасы тарихынан. Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың өзара этногенетикалық және мәдени сабақтастығы
- 6.1 сағ
Қазақтардың өзге халықтармен қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі: Қазақ мемлекетінің саяси-дипломатиялық мәдени байланыстары. Қазақ одағына кірген өзге этникалық топтар мен ұлыстар және олардың қоғамға интеграциялануының механизмдері (кірме, ру құрамына ену, төлеңгіттер институты, шалақазақтар). Тамыр болу, қонақжайлылық дәстүрі
- 7.1 сағ
Қазақ халқының мәдениеті. Дәстүрлі рухани және материалдық мәдениет – ұлттық сана-сезімді қалыптастырушы фактор. Ұлттық стереотиптер
2-тоқсан
6 сағат"Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы"
- 1.1 сағ
Өзге этнос өкілдерінің Қазақстанға қоныстануының алғашқы кезеңі: ХVІІІ ғасырдың орта шеніндегі Қазақ хандығының этникалық территориясы мен халқы. Ресей, Қытай, Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы
- 2.1 сағ
ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформалары және этникалық құрамдағы өзгерістер: ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформаларының қазақ қоғамындағы этносаралық қатынастарға тигізген әсері. Казак-орыстардың жергілікті халықтармен мәдени-тұрмыстық байланыстары. Шаруашылықтағы өзара байланыстар. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің үлгілерін қабылдауы. Жайық, Орынбор, Сібір, Жетісу казак-орыстары қоныстарының қалыптасуы. Отырықшы қоныстардың пайда болуы
- 3.1 сағ
XIX ғ. этникалық құрамның күрделенуі: Қазақстанды крестьяндық (қарашекпен) отарлаудың кезеңдері. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақ жеріне қоныс аударуы. Жергілікті халықтармен мәдени тұрмыстық байланыстары. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің отырықшы мәдениет үлгілерін қабылдауы
- 4.1 сағ
Қазақ жеріндегі этносаралық қарым-қатынас ХІХ ғасырдың зиялы қауымының назарында: А.И.Левшин, Т.Г.Шевченко, Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, С.Бабаджанов, В.В.Радлов, Ы.Алтынсарин, Н.И.Ядринцев, В.К.Фон Герн, И.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпейұлы, т.б. қазақ жерін мекендеген этностардың мәдени ерекшеліктері және қарым-қатынастары жөнінде
- 5.1 сағ
Алаш зиялыларының этносаралық қатынастарға қатысты ұстанымы: Алаш бағдарламасындағы ұлыс және ұлт саясатының көріністері. Алашорда үкіметінің мемлекет құру және этносаралық мәселелерді шешу үшін жүргізген күресі
- 6.1 сағ
Кеңес үкіметінің орнауы: 1920-1930 жылдардағы саяси-қоғамдық және демографиялық ахуал. КСРО құрамында Қазақ республикасының құрылуы және территорияның межеленуі. 1921-1922, 1932 жылғы аштық. 1929 жылғы переселен басқармасының құрылуы. Демографиялық жағдайдағы өзгерістер
3-тоқсан
7 сағат"Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы"
- 1.1 сағ
Қазақстан – үлкен депортациялық лагерь: 1930-1950 жылдардағы тұтас халықтарды елімізге жер аудару тарихынан. Олардың көрген қиыншылықтары мен жаңа жерге орнығуы. Лагерьде азап шеккендер. Қазақ халқы тарапынан қамқорлық
- 2.1 сағ
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі этникалық үдерістер: Тың игеру науқаны кезінде республикаға келген халықтар. Демографиялық жағдайдың күрт өзгеруі
- 3.1 сағ
Кеңес үкіметінің ХХ ғасырдың 2-ші жартысында республикада жүргізген ұлттық саясаты: білім беру, мәдениет салаларындағы саясат. "Халықтар достастығы зертханасы" идеясы. Қазақ тілінің жағдайы. Қазақстандағы кіші этностардың жағдайы
- 4.1 сағ
Қазақстан – егеменді мемлекет: КСРО-ның ыдырауы. КСРО-ның ұлттық саясатының дағдарысы. Қазақстанның егемендік алуы. Алғашқы декларация мен тәуелсіздік туралы заң
"Тәуелсіз Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің жаңа үлгісі"
- 5.1 сағ
Егеменді еліміздің ұлттық саясаттағы алғашқы қадамдары: отарлық жағдайдан шынайы тәуелсіздікке өту үдерісі. Ата заң. Қазақстанды мекендеген этностар мен этникалық топтардың арасында жаңа қатынастардың қалыптасу тарихы. Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық рәміз-нышандары
- 6.1 сағ
Қазақ ұлты өзге этникалық топтардың ұйтқысы ретінде: мемлекет және ұлт құрушы қазақ этносы. Мемлекет және тіл саясаты, қазақ мәдениетінің көпэтностыортадағы орны мен қызметі, қазақ халқының саяси-демографиялық ахуалы
- 7.1 сағ
Қазақстанды мекендеген этникалық топтар және олардың қоғамдық-саяси өмірде алатын орны: орыс, өзбек, украин, ұйғыр, кәріс, татар, башқұрт этномәдени қауымдастықтары. Қазақстандағы этносаралық үйлесім, өзге этникалық топтар мен этнос өкілдері туралы ақпарат және демографиялық жағдай. Қазақстанды мекендеген этностардың материалдық ескерткіштері. Қазақ жерін мекендеген этностардың дәстүрлі өнері, ерекше мерекелері
4-тоқсан
7 сағат"Тәуелсіз Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің жаңа үлгісі"
- 1.1 сағ
Қазақстан – этнос және конфессияаралық татулықтың жаңа үлгісі. Қазақстандағы діни конфессиялар мен топтар. Олардың қоғамдық өмірдегі орны. Түрлі этностар мен конфессиялардың арасында үйлесім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған Қазақстан тәжірибесі. Әлемдік дін өкілдерінің бас қосулары
"Қазақстан халқының ортақ салт-дәстүрлері мен мерекелері"
- 2.1 сағ
1 мамыр – Қазақстан халқының достығы мен татулығы мерекесі: Мерекенің маңызы, өткізілу барысы, көріністер. Қазақстанды мекендеген этностардың бейбітшілікті, бірлікті, татулықты дәріптейтін рухани қазыналары мен құндылықтары
- 3.1 сағ
Қазақстан халқының діни-конфессиялық мерекелері: Мұсылмандардың ораза-айт және құрбан айт, христиандардың рождество, т.б. мерекелері
- 4.1 сағ
Наурыз – Қазақстан этностары үшін шынайы жаңғыру мерекесі: Наурыз мерекесінің тарихи бастаулары мен аңыздар. Наурыздың салт-дәстүрлері. Наурыз – табиғат пен адам баласының болашаққа деген үміті
"Қазақстан халқының ассамблеясы және этносаралық қатынастар"
- 5.1 сағ
Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясы. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы. Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы – ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық білім. Этномәдени орталықтардың ашылуы
- 6.1 сағ
Қазақстан Республикасының ұлттық доктринасы және этностардың өзара ықпалдастығының артуы. Қабылдану қажеттілігі. Негізгі қағидалары. 3) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұрақтылық пен татулықты сақтаудағы рөлі, этносаралық келісімді нығайту жолындағы саясаты.
Қорытынды қайталау
- 7.1 сағ
Қорытынды қайталау
Жиі қойылатын сұрақтар
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы (таңдау курсы) 8-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 27 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Вариативтік компонент курстары жиынтық бағаланбайды — «сынақ» қойылады.
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Күндері бар КТЖ жасау