КТЖ 8-сынып Биология 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар
«Биология» пәні бойынша 8-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына КТЖ: 58 тақырып, сағат саны және оқу мақсаттары. Күндерді күнтізбе мен кесте бойынша автоматты есептеңіз.
- Тақырып
- 58
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 2
- Жылына
- 68
1-тоқсан
13 сағатЖасушалық биология
- 1.1 сағ
Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, Гольджи аппараты, вакуоль.
- 2.1 сағ
Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу". Зертханалық жұмыс "Жануарлар ұлпаларын жіктеу".
Молекулалық биология
- 3.1 сағ
Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық.
- 4.1 сағ
Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі. Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз.
- 5.1 сағ
Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері.БЖБ
Тірі ағзалардың көп түрлілігі
- 6.1 сағ
Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар.
- 7.1 сағ
Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.
- 8.1 сағ
Зертханалық жұмыс "Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу".
- 9.1 сағ
Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама. Демонстрация "Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау".БЖБ
Қоректену
- 10.1 сағ
Жауын құртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы. Модельдеу "Адамның, сиырдың және жауынқұртының" асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру.
- 11.1 сағ
Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы. Адамның асқорыту жолдарының құрылысы. Асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі.
- 12.1 сағ
Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт ауруларының алдын алу.
- 13.1 сағ
Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз. А авитаминоздағы ақшам соқыр, В1 авитаминоздағы бери – бери ауруы, С авитаминоздағы қырқұлақ, Д авитаминоздағы мешел аурулары. Зертханалық жұмыс "Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау".БЖБ
2-тоқсан
14 сағатЗаттардың тасымалдануы
- 1.1 сағ
Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы. Лимфа. Лимфа айналымы мен оның маңызы. Гомеостаз.Ағзаның ішкі ортасы: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы.
- 2.1 сағ
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық.
- 3.1 сағ
Зертханалық жұмыс "Әр түрлі ағзалардың қан жасушаларын зерттеу". Қан жасушаларын формасына, мөлшеріне, санына және ядросының болуына қарай салыстыру.
- 4.1 сағ
Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В- лимфоциттердің әрекет етуі.
- 5.1 сағ
Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес
- 6.1 сағ
Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцина) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу.
- 7.1 сағ
Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт.
- 8.1 сағ
Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі.
- 9.1 сағ
Қантамырлар жүйесінің түрлері. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі.
- 10.1 сағ
Зертханалық жұмыс "Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу"
- 11.1 сағ
Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау т.б.БЖБ
Тыныс алу
- 12.1 сағ
Альвеола мен қан арасындағы газ алмасу. Өкпедегі қанның оттекке қанығуы. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу. Қанның көмірқышқыл газына қанығуы, жасушаның оттекке қанығуы.
- 13.1 сағ
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі.
- 14.1 сағ
Тыныс алудың минуттық көлемі. Әр түрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. Тынысалу қозғалыстарының жиілігі. Шылым шегудің өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсері. Зертханалық жұмыс "Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу".БЖБ
3-тоқсан
17 сағатБөліп шығару
- 1.1 сағ
Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері).
- 2.1 сағ
Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі
- 3.1 сағ
Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу бөртпелері,). Белгілері мен алдын алу шаралары.БЖБ
Қозғалыс. Биофизика
- 4.1 сағ
Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі
- 5.1 сағ
Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы. Зертханалық жұмыс "Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы". Демонстрация "Сүйектің химиялық құрамы".
- 6.1 сағ
Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы.
- 7.1 сағ
Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі.
- 8.1 сағ
Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек). Зертханалық жұмыс "Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу" Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу.
- 9.1 сағ
Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары.
- 10.1 сағ
Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер.БЖБ
Координация және реттелу
- 11.1 сағ
Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу"
- 12.1 сағ
Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу". (құлақтың есту қабілетін анықтау).
- 13.1 сағ
Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс "Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі".
- 14.1 сағ
"Гормондар", "Гуморальдық реттелу" ұғымдары. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы және қызметі. Бездерден бөлінетін гормондар.
- 15.1 сағ
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо- және гиперфункция)
- 16.1 сағ
Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицептор-лар). Зертханалық жұмыс "Тері сезімталдығын зерттеу"
- 17.1 сағ
Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі.БЖБ
4-тоқсан
14 сағатКөбею
- 1.1 сағ
Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы.
- 2.1 сағ
Жануарлардың көбею формалары. Жыныссыз көбею типтері. Жынысты көбею.
- 3.1 сағ
Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит.
- 4.1 сағ
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердың тіршілік циклі.
Өсу және даму
- 5.1 сағ
Эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула. Ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануы. Органогенез.БЖБ
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
- 6.1 сағ
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс.
- 7.1 сағ
Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері.
- 8.1 сағ
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары.
- 9.1 сағ
Қазақстан территориясында кездесетін егістік дақылдар мен үй жануарларының қолтұқымдары. Маңызды белгілер.
Биосфера, экожүйе, популяция
- 10.1 сағ
Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйелері. Модельдеу "Су және құрлық экожүйелерін салыстыру"
- 11.1 сағ
Популяцияның құрылымының негізгі сипаттамалары және ерекшеліктері. Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдері. (Тіршілікті сақтаудың К және r стрпатегиялары). "Жыртқыш-жемтік" қарымқатынас түрі. Популяция санының өзгеруі.
- 12.1 сағ
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері. Ағзалардың тікелей және жанама қарымқатынас түрлері. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі.БЖБ
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
- 13.1 сағ
Адамның табиғаттағы ролі. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау. Дүниежүзілік Тұқым қоры.
- 14.1 сағ
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Себептері мен салдарлары. Оларды шешу жолдары.БЖБ
Жиі қойылатын сұрақтар
Биология 8-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 58 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Күндері бар КТЖ жасау