БЖБ және ТЖБ 7-сынып География (төмендетілген оқу жүктемесімен)

«География (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні, 7-сынып: бөлімдер мен тақырыптар тоқсандар бойынша. БЖБ өткізілетін 8 тақырып белгіленген. Мақсаттарды таңдап, жұмысты критерийлерімен және кілтімен жасаңыз.

Тақырып
31
Тоқсан
4
Сағат/апта
1
Жылына
34

Бағалау режимі

Аптасына 1 сағат жүктемеде тоқсанына 2 БЖБ-дан аспайды, ТЖБ өткізілмейді, баға жартыжылдыққа қойылады.

1-тоқсан

7 сағат

1.Географиялық зерттеу әдістері

  1. 1.

    Географиялық зерттеу объектілері, география ғылымының дамуы

    7.1.1.1 географияның зерттеу нысандарын анықтайды · 7.1.1.2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді

    1 сағ
  2. 2.

    Географиялық дерек көздері

    7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар

    1 сағ
  3. 3.

    Зерттеудің далалық әдістері

    7.1.1.4 географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды · 7.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: сызба, диаграмма, профиль, график

    1 сағ

2. Картография және географиялық деректер базасы

Бөлім бойынша БЖБ: Географиялық номенклатура, географиялық деректерді ұйымдастыру

  1. 4.

    2.1 Географиялық карта-сызбаларды қолдану

    7.2.1.1 тақырып бойынша картосызбалар жасайды

    1 сағ
  2. 5.

    Географиялық номенклатура, географиялық деректерді ұйымдастыруБЖБ

    7.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді · 7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді

    1 сағ

3. Физикалық география 3.1 Литосфера

  1. 6.

    Жердің тектоникалық құрылымы, литосфераның тектоникалық қозғалысы

    7.3.1.1 литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды · 7.3.1.2 жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды

    1 сағ

—

Бөлім бойынша БЖБ: Литосфералық катаклизмалар

  1. 7.

    Литосфералық катаклизмаларБЖБ

    7.3.1.4 жергілікті компонент бойынша литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді; литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіреді

    1 сағ

2-тоқсан

7 сағат

3. Физикалық география 3.2 Атмосфера

Бөлім бойынша БЖБ: Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

  1. 1.

    Атмосфера және оның құрамы

    7.3.2.1 атмосфераның құрамын сипаттайды · 7.3.2.2 атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді

    1 сағ
  2. 2.

    Ауа-райы және метеорологиялық элементтер

    7.3.2.3 "ауа райы" ұғымын түсіндіреді · 7.3.2.4 метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды

    1 сағ
  3. 3.

    Қолайсыз атмосфералық құбылыстарБЖБ

    7.3.2.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады · 7.3.2.6 жергілікті компоненттің негізінде жекелеген метеорологиялық элементтердің: температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық көрсеткіштері негізінде графикалық синоптикалық материалдар жасайды

    1 сағ

3.3 Гидросфера

Бөлім бойынша БЖБ: Мұхитпен байланысты апаттар және Мұхит проблемалары

  1. 4.

    Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, су ресурстарының маңызы

    7.3.3.1 гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды · 7.3.3.2 су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді

    1 сағ
  2. 5.

    Мұхит суларының географиялық орналасуы мен қасиеттері

    7.3.3.3 дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын, қасиеттерін анықтайды

    1 сағ
  3. 6.

    Мұхиттағы су қозғалысы

    7.3.3.4 мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді

    1 сағ
  4. 7.

    Мұхитпен байланысты апаттар және Мұхит проблемаларыБЖБ

    7.3.3.5 мұхитар мен теңіздермен байланысты апаттар мен проблемаларды топтастырып, сақтану шараларын және шешу жолдарын ұсынады

    1 сағ

3-тоқсан

10 сағат

3.Физическая география 3.4 Биосфера

  1. 1.

    Биосфера және оның құрамдас бөліктері

    7.3.4.1 биосфераның құрамын, құрылы мын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды

    1 сағ
  2. 2.

    Өсімдік және жануарлар әлемі

    7.3.4.2 өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды анықтайды және "Қызыл кітапқа" енген түрлерін атайды

    1 сағ
  3. 3.

    Қазақстандағы топырақ түрлері

    7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды · 7.3.4.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде топырақ ресурстарына баға береді

    1 сағ
  4. 4.

    Топырақтың экологиялық мәселелері

    7.3.4.5 топырақтың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады

    1 сағ

3.5 Табиғи-аумақтық кешендер

Бөлім бойынша БЖБ: Табиғи-аумақтық кешендердің түрлері

  1. 5.

    Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы

    7.3.5.1 географиялық қабық, материктер мен мұхиттар, зоналар және белдеулер, ландшафт табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді

    1 сағ
  2. 6.

    Табиғи-аумақтық кешендердің түрлеріБЖБ

    7.3.5.2 туған өлкенің табиғи-аумақтық кешендерін жоспар бойынша сипаттайды және өлкетану деректер базасын әртүрлі формада ұсынады

    1 сағ

4. Әлеуметік география 4.1 Халық географиясы

Бөлім бойынша БЖБ: Ұлтаралық және конфессияаралық келісім

  1. 7.

    Тілдік отбасылар және әлем халықтарының топтары

    7.4.1.1 дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді

    1 сағ
  2. 8.

    Әлем халқының діни құрамы

    7.4.1.2 дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды

    1 сағ
  3. 9.

    Әлемнің тарихи-мәдени аймақтары

    7.4.1.3 халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени өркениеттік аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді

    1 сағ
  4. 10.

    Ұлтаралық және конфессияаралық келісімБЖБ

    7.4.1.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдейді және қалыптастыру жолдарын ұсынады

    1 сағ

4-тоқсан

7 сағат

5. Экономикалық география 5.1 Табиғи ресурстар

  1. 1.

    Табиғи ресурстардың жіктелуі

    7.5.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды жіктеп, таралу заңдылықтарын талдайды · 7.5.1.2 табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді

    1 сағ
  2. 2.

    Табиғат ресурстарын игеру мәселелері

    7.5.1.3 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсынады

    1 сағ

5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар

Бөлім бойынша БЖБ: Көлік инфрақұрылымы. Әлеуметтік инфрақұрылым

  1. 3.

    Көлік инфрақұрылымы. Әлеуметтік инфрақұрылымБЖБ

    7.5.2.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым компоненттерін жіктеп, маңыздылығына баға береді

    1 сағ

5.3 әлемдік экономиканың салалық және аумақтық құрылымы

  1. 4.

    Әлемдік шаруашылық салалары: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы

    7.5.3.1 ауыл шаруашылық, өнеркәсіп шаруашылық салаларын топтастыру арқылы маңыздылығын түсіндіреді

    1 сағ

6. Елтану және саяси география негіздері 6.1 Дүние жүзі елдері

Бөлім бойынша БЖБ: Әлем елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы

  1. 5.

    Әлем елдерінің географиялық жағдайы

    7.6.1.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді географиялық орнына байланысты топтастырып, елдердің географиялық орнын жоспар бойынша сипаттайды

    1 сағ
  2. 6.

    Әлем елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы

    7.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды

    1 сағ
  3. 7.

    Әлем елдерінің экономикалық-географиялық жағдайыБЖБ

    7.6.1.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайына баға береді және жақсарту жолдарын ұсынады

    1 сағ

Жиі қойылатын сұрақтар

География (төмендетілген оқу жүктемесімен) 7-сынып бойынша қанша тақырып бар?

2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 31 тақырып бар.

Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?

Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.

БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?

Аптасына 1 сағат жүктемеде тоқсанына 2 БЖБ-дан аспайды, ТЖБ өткізілмейді, баға жартыжылдыққа қойылады.

Дайын құжатты бір минутта алыңыз

Осы пән бойынша БЖБ/ТЖБ жасау

Қатысты бөлімдер