ҚМЖ 10-сынып География 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар
Төменде «География» пәні бойынша 10-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына арналған 28 тақырып 4 тоқсан бойынша берілген. Әр тақырыпқа оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген: оларды ҚМЖ-ға тікелей қоюға болады. «Генераторға өту» батырмасы жоспарды бір минутта жасайды.
- Тақырып
- 28
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 2
- Жылына
- 68
1-тоқсан
7 сағат1. Географиялық зерттеу әдістері 1.1 Жалпы географиялық әдістер
- 1.1 сағ
Зерттеу әдістерінің түрлері
10.1.1.1 зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру, сандық әдістерін қолдану · 10.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолдану · 10.1.1.3 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады
2. Картография және геоинформатика 2.1 Карто-графия
- 2.1 сағ
Заманауи картографиялық әдістерБЖБ
10.2.1.1 тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану
2. Картография және геоинформатика 2.2 Геоинфор-матика негіздері
- 3.1 сағ
Географиялық деректер базасы
10.2.2.1 Microsoft Excel бағдарламасын қолдану арқылы тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру
- 4.1 сағ
Географиялық деректерді визуа-лизациялауБЖБ
10.2.2.2 статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау · 10.2.2.3 ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың графикалық редакторларын қолданумен тақырыптық картасызбалар жасау
3. Табиғатты пайдалану және геоэкология 3.1 Табиғатты пайдалану
- 5.1 сағ
Табиғатты пайдалану түрлері
10.3.1.1 табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау, графикалық түрде ұсыну
- 6.1 сағ
Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары
10.3.1.2 тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтау · 10.3.1.3 табиғатты пайдалану түрлерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу (жергілікті аймақтық компоненттің негізінде)
- 7.1 сағ
Экологиялық таза өндірістерді жобалауБЖБ
10.3.1.4 экологиялық таза өндірістік жобаларды ұсыну(жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде)
2-тоқсан
6 сағат3. Табиғатты пайдалану және геоэкология 3.2 Геоэколо-гиялық зерттеу негіздері
- 1.1 сағ
Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі
10.3.2.1 геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіру
- 2.1 сағ
Геосфералардың ластануы
10.3.2.2 геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеу
- 3.1 сағ
Геоэкологиялық аудандастыру
10.3.2.3 дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру
- 4.1 сағ
Геоэкологиядағы антропогендік факторлар
10.3.2.4 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру және графикалық түрде ұсыну · 10.3.2.5 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну
- 5.1 сағ
Ғаламдық экологиялық проблемалар
10.3.2.6 ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіру · 10.3.2.7 геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау · 10.3.2.8 ғаламдық экология-лық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибені зерттеу
- 6.1 сағ
Қазақстанның экологиялық проблемаларыБЖБ
10.3.2.9 Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру · 10.3.2.10 Қазақстандағы экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсыну
3-тоқсан
12 сағат4. Геоэкономика 4.1 Геоэкономика негіздері
- 1.1 сағ
Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі
10.4.1.1 геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіру · 10.4.1.2 елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау(қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
- 2.1 сағ
Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары
10.4.1.3 шаруашылық салала-рын орналастыруда кеңістіктік (аумақтық) факторларды талдау · 10.4.1.4 дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи орналастыру факторларын талдау
- 3.1 сағ
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы
10.4.1.5 дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу
- 4.1 сағ
Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері
10.4.1.6 дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау
- 5.1 сағ
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіш-тері
10.4.1.7 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) · 10.4.1.8 дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
- 6.1 сағ
Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе
10.4.1.9 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстан-дық компонентті қосымша қамту негізінде)
- 7.1 сағ
Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақ-сатты көр-сеткіштер мен индикаторларБЖБ
10.4.1.10 Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылы-ғының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау
5. Геосаясат 5.1 Геосаясат негіздері
- 8.1 сағ
Геосаясаттың өзектілігі
10.5.1.1 геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі категорияларын түсіндіру · 10.5.1.2 негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау
- 9.1 сағ
Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі
10.5.1.3 дүниежүзінің геосаяси кеңістігін талдау
- 10.1 сағ
Геосаясаттағы географиялық факторлар
10.5.1.4 геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру
- 11.1 сағ
Мемлекеттік аумақтың морфологиясы
10.5.1.5 мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін талдау және жіктеу
- 12.1 сағ
Мемлекеттік шекараБЖБ
10.5.1.6 мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдау · 10.5.1.7 Қазақстан Республикасының мемлекет-тік шекараларының қалыптасу үдерісін, басты көрсеткіштері мен динамикасын зерттеу
4-тоқсан
3 сағат6. Елтану 6.1 Дүниежүзі аймақтары
- 1.1 сағ
Кешенді географиялық аудандастыруБЖБ
10.6.1.1 дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру · 10.6.1.2 кешенді географиялық және тарихи-географиялық аудандастырудың өз үлгісін ұсыну · 10.6.1.3 дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну
6. Елтану 6.2 Дүниежүзі елдері
- 2.1 сағ
Салыстырмалы елтануБЖБ
10.6.2.1 дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын белгілерді анықтау · 10.6.2.2 көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша) · 10.6.2.3 жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингтерін сипаттау (есепке/бағалауға алынатын көрсеткіштер, бағалау субъектісі, нәтижелерінің қолдану аясы)
7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары 7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу
- 3.1 сағ
Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілеріБЖБ
10.7.1.1 адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру · 10.7.1.2 ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтау · 10.7.1.3 ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын анықтап, топтастыру
Жиі қойылатын сұрақтар
География 10-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 28 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Тақырып бойынша ҚМЖ жасау