ҚМЖ 5-сынып Естествознание 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар
Төменде «Естествознание» пәні бойынша 5-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына арналған 25 тақырып 4 тоқсан бойынша берілген. Әр тақырыпқа оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген: оларды ҚМЖ-ға тікелей қоюға болады. «Генераторға өту» батырмасы жоспарды бір минутта жасайды.
- Тақырып
- 25
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 2
- Жылына
- 68
1-тоқсан
16 сағат5.1 Ғылым әлемі
- 1.1 сағ
Ғылымның рөлі
5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау
- 2.1 сағ
Зерттеу сұрағы
5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау
- 3.1 сағ
Зерттеуді жоспарлау
5.1.3.1 зерттеу жоспарын құрастыру; · 5.1.3.2 зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау
- 4.1 сағ
Деректерді жинау және жазу
5.1.4.1 нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау; · 5.1.4.2 бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу
- 5.1 сағ
Деректерді талдау
5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтау
- 6.1 сағ
Қорытынды және талқылауБЖБ
5.1.6.1 зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау
5.2 Адам. Жер. Ғалам
- 7.1 сағ
Макро- және микроәлем
5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру
- 8.1 сағ
Жер туралы жалпы мағлұматтар
5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру · 5.2.2.2 Жердің құрылысы мен құрамын атау
- 9.1 сағ
Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері
5.2.3.1 Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау
- 10.1 сағ
Жердегі тіршілік
5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау; · 5.2.4.2 тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау
- 11.2 сағ
Жер бетін бейнелеу тәсілдері
5.2.5.1 "жоспар" және "шартты белгілер" ұғымдарын түсіндіру; · 5.2.5.2 шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу; · 5.2.5.3 бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру);
- 12.1 сағ
Материктер мен мұхиттар
5.2.6.1 материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау; · 5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау
- 13.1 сағ
Халық географиясыБЖБ
5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын, негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау; · 5.2.7.2 нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау; · 5.2.7.3 нәсілдер теңдігін дәлелдеу
2-тоқсан
16 сағат5.3 Заттар және материалдар
- 1.5 сағ
Заттардың құрылысы мен қасиеттері
5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру; · 5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру; · 5.3.1.3 заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, созылғыштығын, иілімділігін сипаттау;
- 2.6 сағ
Заттардың жіктелуі
5.3.2.1 қоспалар мен таза заттарды ажырату; · 5.3.2.2 қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну; · 5.3.2.3 құрамы белгілі ерітіндіні дайындау;
- 3.3 сағ
Заттардың түзілуі және алынуыБЖБ
5.3.3.1 кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру; · 5.3.3.2 зертханалық жағдайда заттарды бөліп ала алу
3-тоқсан
20 сағат5.4 Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
- 1.3 сағ
Өлі табиғаттағы үдерістер
5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер); · 5.4.1.2 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіру
- 2.6 сағ
Тірі табиғаттағы үдерістерБЖБ
5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау; · 5.4.2.2 тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау; · 5.4.2.3 микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану;
5.5 Энергия және қозғалыс
- 3.6 сағ
Энергия түрлері мен көздері
5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату; · 5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату; · 5.5.1.3 термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу;
- 4.3 сағ
ҚозғалысБЖБ
5.5.2.1 тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіреді және түсіндіру; · 5.5.2.2 әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу; · 5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау
4-тоқсан
16 сағат5.6 Экология және тұрақты даму
- 1.4 сағ
Экожүйелер
5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау; · 5.6.1.2 экожүйе түрлерін жіктеу; · 5.6.1.3 экологиялық факторлардың экожүйе қызметіне ықпал етуін түсіндіру;
- 2.3 сағ
Тірі ағзалардың сан алуандығы
5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу; · 5.6.2.2 біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау
- 3.3 сағ
Табиғатты қорғауБЖБ
5.6.3.1 Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау; · 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу; · 5.6.3.3 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау
5.7 Әлемді өзгертетін жаңалықтар
- 4.2 сағ
Әлемді өзгертетін жаңалықтар
5.7.1.1 әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру
- 5.2 сағ
Болашақ жаңалықтарыБЖБ
5.7.1.2 болашақ ғылыми зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну
Жиі қойылатын сұрақтар
Естествознание 5-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 25 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Тақырып бойынша ҚМЖ жасау