ҚМЖ 7-сынып Химия 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар
Төменде «Химия» пәні бойынша 7-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына арналған 23 тақырып 4 тоқсан бойынша берілген. Әр тақырыпқа оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген: оларды ҚМЖ-ға тікелей қоюға болады. «Генераторға өту» батырмасы жоспарды бір минутта жасайды.
- Тақырып
- 23
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 1
- Жылына
- 34
1-тоқсан
7 сағат7.1 Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
- 1.1 сағ
Химия пәні. №1 практикалық жұмыс "Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу"
7.1.1.1 "Химия" ғылымының нені оқытатынын білу · 7.1.1.2 химиялық зертханада және кабинетінде жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну
- 2.1 сағ
Элемент, қоспа және қосылыс. № 1 зертханалық тәжірибе "Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру"
7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну · 7.4.1.2 таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу · 7.4.1.3 элемент (жай зат) қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу
- 3.1 сағ
Қоспаларды бөлу әдістері. № 2 зертханалық тәжірибе "Ластанған ас тұзын тазарту"БЖБ
7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу · 7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
7.1 Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі
- 4.1 сағ
Физикалық және химиялық құбылыстар. № 3 зертханалық тәжірибе "Химиялық реакциялардың белгілері"
7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алу
- 5.1 сағ
Заттардың агрегаттық күйлері
7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіре алу
- 6.1 сағ
Салқындау үдерісі № 4 зертханалық тәжірибе "Салқындау үдерісін зерттеу"
7.1.1.5 салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
- 7.1 сағ
Қыздыру үдерісі № 5 зертханалық тәжірибе "Судың қайнау үдерісін зерттеу"БЖБ
7.1.1.6 судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
2-тоқсан
5 сағат7.2 Атомдар Молекулалар Заттар
- 1.1 сағ
Атомдар мен молекулалар
7.1.2.1 атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу
- 2.1 сағ
Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар
7.1.2.2 әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу · 7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктей алу · 7.1.2.4 заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
- 3.1 сағ
Атомның құрамы мен құрылысы. ИзотоптарБЖБ
7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу · 7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу · 7.1.2.7 "изотоп" түсінігін білу
7.2 Ауа. Жану реакциясы
- 4.1 сағ
Ауа. Ауаның құрамы №6 зертханалық тәжірибе "Балауыз шамның жануы"
7.3.1.1 ауа құрамын білу · 7.3.1.2 заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу · 7.3.1.3 атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
- 5.1 сағ
Жану үдерісі № 2 практикалық жұмыс/көрсетілім "Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру"БЖБ
7.3.1.4 затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу · 7.3.1.5 тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру · 7.3.1.6 заттардың таза оттекте ауаға қарағанда жақсырақ жанатындығын түсіну
3-тоқсан
7 сағат7.3 Химиялық реакциялар
- 1.1 сағ
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар. №7 зертханалық тәжірибе "Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау"; №8 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы"
7.3.4.1 кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің "қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер белгілері болуы мүмкін екендігін білу · 7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортада түстерінің өзгеруін білу · 7.3.4.3 рН шкаланың негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу
- 2.1 сағ
Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе "Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі"; №10 зертханалық тәжірибе "Сутекке сапалық реакция"
7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау · 7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
- 3.1 сағ
Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі. № 3 практикалық жұмыс "Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция"
7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
7.3 Химиялық элементтердің периодтық кестесі
- 4.1 сағ
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы
7.2.1.1 И. ДҰберейнер Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру
- 5.1 сағ
Периодтық кестенің құрылымыБЖБ
7.2.1.2 периодтық кестенің кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар және периодтар
7.3 Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула
- 6.1 сағ
Салыстырмалы атомдық масса
7.1.2.8 Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну · 7.1.2.9 табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну · 7.1.2.10 салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу
- 7.1 сағ
Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеуБЖБ
7.1.2.11 элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу · 7.1.2.12 химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/формулалық массасын есептеу
4-тоқсан
4 сағат7.4 Адам ағзасындағы химиялық элементтер
- 1.1 сағ
Тағам құрамындағы қоректік заттар. № 4 практикалық жұмыс "Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау"
7.5.1.1 тағам өнімдерін химиялық заттардыңжиынтығы деп түсіну · 7.5.1.2 тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білу және анықтай алу
- 2.1 сағ
Адам ағзасындағы химиялық элементтер. Тыныс алу үдерісі. №11 зертханалық тәжірибе "Тыныс алу үдерісін зерттеу"БЖБ
7.5.1.3 адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу · 7.5.1.4 тыныс алу үдерісін түсіндіру
7.4 Геологиялық химиялық қосылыстар
- 3.1 сағ
Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы
7.4.2.1 жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну · 7.4.2.2 кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын түсіну · 7.4.2.3 металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
- 4.1 сағ
Қазақстанның пайдалы қазбалары Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілеріБЖБ
7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу · 7.4.2.5 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
Жиі қойылатын сұрақтар
Химия 7-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 23 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Аптасына 1 сағат жүктемеде тоқсанына 2 БЖБ-дан аспайды, ТЖБ өткізілмейді, баға жартыжылдыққа қойылады.
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Тақырып бойынша ҚМЖ жасау