ҚМЖ 7-сынып Биология 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар

Төменде «Биология» пәні бойынша 7-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына арналған 49 тақырып 4 тоқсан бойынша берілген. Әр тақырыпқа оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген: оларды ҚМЖ-ға тікелей қоюға болады. «Генераторға өту» батырмасы жоспарды бір минутта жасайды.

Тақырып
49
Тоқсан
4
Сағат/апта
2
Жылына
68

1-тоқсан

14 сағат

Экожүйелер

  1. 1.

    Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер). Зертханалық жұмыс "Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)".

    7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу

    1 сағ
  2. 2.

    Қоректік тізбектер және қоректік торлар. Модельдеу "Қоректік тізбек пен торды құру".

    7.3.1.2 табиғи қоректік тізбектерді салыстыру · 7.3.1.3 қоректік тізбекті және қоректік торларды құру

    1 сағ
  3. 3.

    Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы.

    7.3.1.4 экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау

    1 сағ
  4. 4.

    Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.

    7.3.2.1 адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау

    1 сағ
  5. 5.

    Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері.

    7.3.2.2 экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің шаруашылық салаларынан мысалдар келтіру

    1 сағ
  6. 6.

    Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары.

    7.3.2.3 Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктері мен жануарларын сипаттау

    1 сағ
  7. 7.

    Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері.БЖБ

    7.3.2.4 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жергілікті өңірдің жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру

    1 сағ

Тірі ағзаларды жүйелеу

  1. 8.

    Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.

    7.1.1.1 жүйелеудің маңызын түсіндіру · 7.1.1.2 жүйеленуде тірі ағзалардың орынын анықтау

    1 сағ
  2. 9.

    Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.

    7.1.1.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының айырмашылық белгілерін сипаттау

    1 сағ
  3. 10.

    Дихотомиялықәдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану.БЖБ

    7.1.1.4 жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану

    1 сағ

Жасушалық биология Су және органикалық заттар

  1. 11.

    Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.

    7.4.2.1 жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымын түсіндіру · 7.4.2.2 жануарлар және өсімдіктер жасушаларын ажырату

    1 сағ
  2. 12.

    Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі. Зертханалық жұмыс "Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу". Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.

    7.4.1.1 судың қасиеті мен тірі ағзалар тіршілігі үшін маңызын сипаттау · 7.4.1.2 тірі ағзалар тіршілік әрекеті үшін микро-және макроэлементтердің ролін сипаттау · 7.4.1.4 өсімдіктер үшін минералдық тыңайтқыштар құрамындағы азот, калий және фосфордың маңызын оқып білу

    1 сағ
  3. 13.

    Азық-түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс "Азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттеу".

    7.4.1.3 азық-түліктер құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар болуын дәлелдеу

    1 сағ
  4. 14.

    Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі жәнефосфорлы).БЖБ

    7.1.1.4 жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану

    1 сағ

2-тоқсан

11 сағат

Заттардың тасымалдануы

  1. 1.

    Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі.

    7.1.3.1 тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру · 7.1.3.2 өсімдіктерде заттардың тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу

    1 сағ
  2. 2.

    Сабақ және тамыр. Сабақтың ішкі құрылысы: қабық, камбий, сүрек, өзек. Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары. Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыс "Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу". Зертханалық жұмыс "Тамыр аймақтарын зерттеу".

    7.1.3.3 сабақ пен тамырдың ішкі құрылысын зерттеу · 7.1.3.4 сабақ және тамырдың құрылысы мен қызметтерінің өзара байланысын сипаттау

    1 сағ
  3. 3.

    Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері.

    7.1.3.5 ксилема мен флоэма элементтерінің құрылысын салыстыру

    1 сағ
  4. 4.

    Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар.БЖБ

    7.1.3.6 жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу

    1 сағ

Тірі ағзалардың қоректенуі

  1. 5.

    Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.

    7.1.2.1 жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау және құрылысы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру

    1 сағ
  2. 6.

    Фотосинтезге қажетті жағдайлар. Зертханалық жұмыс "Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу".БЖБ

    7.1.2.2 фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу

    1 сағ

Тыныс алу

  1. 7.

    Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Анаэробты және аэробты тынысалуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды/суыққанды жануарлар.

    7.1.4.1 тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын сипаттау · 7.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату

    1 сағ
  2. 8.

    Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы мысалында Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер-дің тынысалуын зерттеу".

    7.1.4.3 өсімдіктердің тыныс алу үдерісін зерттеу

    1 сағ
  3. 9.

    Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүше-лері (бунақденелілердің демтүтік-тері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі). Модельдеу "Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесі мүшелерін салыстыру".

    7.1.4.4 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру

    1 сағ
  4. 10.

    Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.

    7.1.4.5 адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктерін танып білу

    1 сағ
  5. 11.

    Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелері ауруларының себептері мен олардың алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).БЖБ

    7.1.4.6 тыныс алу мүшелерінің ауыруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын түсіндіру

    1 сағ

3-тоқсан

13 сағат

Бөліп шығару

  1. 1.

    Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.

    7.1.5.1 ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттау

    1 сағ
  2. 2.

    Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу"

    7.1.5.2 өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу

    1 сағ
  3. 3.

    Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру.БЖБ

    7.1.5.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру

    1 сағ

Қозғалыс

  1. 4.

    Өсімдіктердің қозғалысы. Қозға-лыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі

    7.1.6.1 өсімдіктердің қозғалу себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизмдер, таксистер) · 7.1.6.2 жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін түсіндіру · 7.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау

    1 сағ
  2. 5.

    Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыстәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.БЖБ

    7.1.6.4 омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру

    1 сағ

Координация және реттелу

  1. 6.

    Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді.

    7.1.7.1 жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру

    1 сағ
  2. 7.

    Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.

    7.1.7.2 жүйке жүйесінің қызметі мен құрылымдық компонентерін атау · 7.1.7.3 жүйке жасушасының құрылымдық бөліктерін анықтау

    1 сағ
  3. 8.

    Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

    7.1.7.4 орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін салыстыру

    1 сағ
  4. 9.

    Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі. Зертханалық жұмыс "Тізе рефлексі".

    7.1.7.5 рефлекстік доғаны зерттеу

    1 сағ
  5. 10.

    Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.

    7.1.7.6 мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру

    1 сағ
  6. 11.

    Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі.

    7.1.7.7 вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау

    1 сағ
  7. 12.

    Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Күйзеліс. Күйзеліс жағдайларымен күрес және олардың алдын алу әдістері.

    7.1.7.8 ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіру және тынығуы үшін ұйқының маңызын түсіндіру · 7.1.7.9 жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принциптерін түсіндіру

    1 сағ
  8. 13.

    Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері.БЖБ

    7.1.7.10 жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіру

    1 сағ

4-тоқсан

11 сағат

Тұқымқуалау мен өзгергіштік

  1. 1.

    Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік. Модельдеу "Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу"

    7.2.4.1 адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу · 7.2.4.2 үздік және үздіксіз өзгергіштікті атау · 7.2.4.3 белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіру

    1 сағ
  2. 2.

    Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны. Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиыны.БЖБ

    7.2.2.1 әртүрлі ағзалар түрлеріндегі хромосомалардың санын салыстыру · 7.2.2.2 сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар сандарын атау

    1 сағ

Көбею. Өсу және даму

  1. 3.

    Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы

    7.2.1.1 өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау

    1 сағ
  2. 4.

    Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері".

    7.2.1.2 өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру

    1 сағ
  3. 5.

    Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы.

    7.2.1.3 айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау · 7.2.1.4 гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау

    1 сағ
  4. 6.

    Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю. Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар. Зертханалық жұмыс "Жылдық сақинаны санау"

    7.2.3.1 ағзадардың өсу мен даму үдерістерін сипаттау · 7.2.3.2 өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерісін зерттеу

    1 сағ
  5. 7.

    Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері. Бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуына мысалдар. Модельдеу "Жануарлардағы онтогенез типтерін салыстыру".БЖБ

    7.2.3.3 өсімдіктер мен жануарлардың онтогенез кезеңдерін ажырату · 7.2.3.4 жануарлардың онтогенезіндегі тура және түрленіп даму типтерін салыстыру

    1 сағ

Микробиология және биотехнология

  1. 8.

    Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Зертханалық жұмыс "Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру" Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары

    7.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау

    1 сағ
  2. 9.

    Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы. Зертханалық жұмыс "Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу".

    7.4.3.2 ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу

    1 сағ
  3. 10.

    Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Зертханалық жұмыс "Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу".

    7.4.3.3 антибиотиктер, антисептиктер мен залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау

    1 сағ
  4. 11.

    Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері.БЖБ

    7.4.3.4 вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру

    1 сағ

Жиі қойылатын сұрақтар

Биология 7-сынып бойынша қанша тақырып бар?

2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 49 тақырып бар.

Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?

Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.

БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?

Дайын құжатты бір минутта алыңыз

Тақырып бойынша ҚМЖ жасау

Қатысты бөлімдер