ҚМЖ 9-сынып Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен) 2026–2027
Төменде «Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша 9-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына арналған 61 тақырып 4 тоқсан бойынша берілген. Әр тақырыпқа оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген: оларды ҚМЖ-ға тікелей қоюға болады. «Генераторға өту» батырмасы жоспарды бір минутта жасайды.
- Тақырып
- 61
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 2
- Жылына
- 68
1-тоқсан
14 сағат9.1 Электролиттік диссоциация
- 1.1 сағ
Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"
9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру · 9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
- 2.1 сағ
Электролиттік диссоциациялану теориясы
9.4.1.3 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру · 9.4.1.4 электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу
- 3.1 сағ
Қышқыл, негіз, тұздардың электролиттік диссоциациясы. № 1 зертханалық тәжірибе "Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН анықтау"
9.4.1.5 ерітінділердің қышқылдылығы мен сілтілігін ажырату · 9.4.1.6 қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
- 4.1 сағ
Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер
9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
- 5.1 сағ
№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары"
9.2.2.1 реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құру · 9.2.2.2 бейтараптану және ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру
- 6.1 сағ
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері
9.3.4.1 қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру · 9.3.4.2 қышқылдар және негіздер,орта тұздардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау
- 7.1 сағ
Тұздар гидролизі. № 2 зертханалық тәжірибе "Тұздар гидролизі"
9.3.4.3 орта тұз ерітінді-сінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау · 9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру · 9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
9.1 Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
- 8.1 сағ
Катиондарға сапалық реакциялар. № 3 зертханалық тәжірибе "Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау"; № 4 зертханалық тәжірибе "Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар"
9.4.1.8 Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау · 9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізу
- 9.1 сағ
Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау"
9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап, нәтижесін сипаттау
- 10.1 сағ
№ 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы"
9.4.1.11 белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
- 11.1 сағ
Есептер шығару "Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер"БЖБ
9.2.3.1 әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
9.1 Химиялық реакция жылдамдығы
- 12.1 сағ
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. № 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы"; № 6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері"
9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру · 9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
- 13.1 сағ
Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері"БЖБ
9.3.2.3 катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру · 9.3.2.4 реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру
9.1 Қайтымды реакциялар
- 14.1 сағ
Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. № 3 көрсетілім "Қайтымды химиялық реакциялар"; № 7 зертханалық тәжірибе "Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы"БЖБ
9.3.3.1 тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау · 9.3.3.2 Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау · 9.3.3.3 химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату
2-тоқсан
11 сағат9.2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- 1.1 сағ
Тотығу дәрежесі. Тотығу және тотықсыздану
9.2.2.3 тотығу дәрежесі ұғымының мәнін түсіндіру және оны заттың формуласы бойынша анықтау · 9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
- 2.1 сағ
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну · 9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
- 3.1 сағ
Электрондық баланс әдісіБЖБ
9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
9.2 Металдар мен құймалар
- 4.1 сағ
Металдардың жалпы сипаттамасы. № 4 көрсетілім "Металдардың кристалдық тор модельдері"
9.1.4.1 металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу · 9.1.4.2 металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
- 5.1 сағ
Металдар құймалары. № 5 көрсетілім "Металдар және құймалар"
9.1.4.3 құйма ұғымын білу және оның артықшылықтарын түсіндіру · 9.1.4.4 шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру · 9.4.2.5 Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру процестерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
- 6.1 сағ
Металдарды алу
9.4.2.6 кеннен металды алу үдерісін сипаттау
- 7.1 сағ
Есептер шығару "Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу"БЖБ
9.2.3.2 қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
9.2 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары
- 8.1 сағ
1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары. № 6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"
9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру · 9.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 9.1 сағ
2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары. № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі"
9.2.1.3 1 (I) және 2 (IІ) -топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және химиялық реакция теңдеулерін құрастыру · 9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негізгі қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
- 10.1 сағ
13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары. № 7 көрсетілім "Алюминий мен оның құймалары"; № 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі"
9.2.1.5 атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау · 9.2.1.6 алюминийдің, оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
- 11.1 сағ
№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығаруБЖБ
9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) -топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу
3-тоқсан
18 сағат9.3 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары
- 1.1 сағ
Галогендер
9.1.4.5 галоген молекулала-рының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрлері мен байланыс типтерін анықтау · 9.2.1.8 топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
- 2.1 сағ
Хлор
9.2.1.9 хлордың физикалық қасиеттерін сипаттау және металдармен, сутекпен және галогенидтермен реакция теңдеулерін құру
- 3.1 сағ
Хлорсутек қышқылы. № 10 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу"
9.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және оның қолдану аясын білу
- 4.1 сағ
16 (VI)-топ элементтері. Күкірт. № 8 көрсетілім "Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері"
9.2.1.11 16 (VI) топ элементтерінің жалпы қасиеттерін сипаттау · 9.2.1.12 күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру
- 5.1 сағ
Күкірттің қосылыстары
9.2.1.13 күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру · 9.4.2.1 қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру
- 6.1 сағ
Күкірт қышқылы және оның тұздары. № 5 практикалық жұмыс "Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу"
9.2.1.14 күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
- 7.1 сағ
Есеп шығару. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер"
9.2.3.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу
- 8.1 сағ
Азот.№ 11 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделі"
9.2.1.15 азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру
- 9.1 сағ
Аммиак. № 12 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі"
9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру
- 10.1 сағ
Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы. № 6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу". Аммиак өндірісі
9.2.1.16 аммиакты алу және қасиеттері мен қолданылуын түсіндіру · 9.2.1.17 аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу · 9.3.3.5 аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау
- 11.1 сағ
Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері"
9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру · 9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру · 9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу
- 12.1 сағ
Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері
9.2.1.20 сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металдармен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және электронды баланс әдісімен реакция теңдеуін құрастыру · 9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру
- 13.1 сағ
Фосфор және оның қосылыстары
9.2.1.22 фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру · 9.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау · 9.2.1.23 фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
- 14.1 сағ
Минералды тыңайтқыштар. № 9 көрсетілім "Минералды тыңайтқыштар"БЖБ
9.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді білу · 9.4.2.4 азот және фосфор тыңайтқыш-тарының қоршаған ортаға әсерін оқып білу
—
- 15.1 сағ
Кремний және оның қосылыстары. № 10 көрсетілім "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері"БЖБ
9.2.1.24 кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру · 9.1.4.8 кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін сипаттау · 9.2.1.25 кремний және оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру
9.3 Адам ағзасындағы химиялық элементтер
- 16.1 сағ
Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы
9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe) · 9.5.1.2 Қазақстан тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру
- 17.1 сағ
Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. № 14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау"; № 15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау"
9.5.1.3 кальций мен темірдің адам ағзасындағы рөлін түсіндіру · 9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау
- 18.1 сағ
Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануыБЖБ
9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру
4-тоқсан
18 сағат9.4 Органикалық химияға кіріспе
- 1.1 сағ
Органикалық заттардың ерекшеліктері
9.4.3.1 органикалық қосылыстардың алуан түрлілігінің себептерін түсіндіру
- 2.1 сағ
Органикалық қосылыстардың жіктелуі. № 11 көрсетілім "Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері"
9.4.3.2 көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдарының жіктелуін білу · 9.4.3.3 функционалдық топ түсінігін берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру
- 3.1 сағ
Органикалық қосылыс-тардың гомологтық қатарлары. № 12 көрсетілім "Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері"
9.4.3.4 гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу
- 4.1 сағ
Органикалық қосылыстардың номенклатурасы
9.4.3.5 органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер, альдегидтер карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану
- 5.1 сағ
Органикалық қосылыстардың изомериясы. № 13 көрсетілім "Пентан изомерлерінің модельдері"
9.4.3.6 көмірсутектердің құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыра алужәне изомерия құбылысын білу
- 6.1 сағ
Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын табу"БЖБ
9.2.3.4 газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық немесе элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау
9.4 Көмірсутектер. Отын
- 7.1 сағ
Алкандар
9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу · 9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру
- 8.1 сағ
Алкендер. № 14 көрсетілім "Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі"
9.4.3.9 қанықпағандық ұғымын сипаттау · 9.4.3.10 этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу · 9.4.3.11 полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру
- 9.1 сағ
Алкиндер
9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
- 10.1 сағ
Ароматты көмірсутектер. Бензол
9.4.3.14 бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау
- 11.1 сағ
Көмірсутекті отындар. № 15 көрсетілім "Отын түрлері"
9.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау · 9.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
- 12.1 сағ
Мұнай. № 16 көрсетілім "Мұнай және мұнай өнімдері"БЖБ
9.4.3.17 мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау
9.4 Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
- 13.1 сағ
Оттекті органикалық заттар. Спирттер
9.4.3.18 оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу · 9.4.3.19 спирттердің жіктелуін метанол мен этанолдың, қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру · 9.4.3.20 метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру
- 14.1 сағ
Карбон қышқылдары. № 16 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу"
9.4.3.22 карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау
- 15.1 сағ
Күрделі эфирлер мен майлар
9.4.3.23 күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру
- 16.1 сағ
Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар
9.4.3.24 сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу · 9.4.3.25 синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
- 17.1 сағ
Көмірсулар
9.4.3.26 көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
- 18.1 сағ
Амин қышқылдары. Нәруыздар. № 17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"БЖБ
9.4.3.27 нәруыздағы a- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру · 9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу · 9.4.3.29 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
Жиі қойылатын сұрақтар
Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен) 9-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 61 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Тақырып бойынша ҚМЖ жасау