БЖБ және ТЖБ 9-сынып Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен)

«Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні, 9-сынып: бөлімдер мен тақырыптар тоқсандар бойынша. БЖБ өткізілетін 12 тақырып белгіленген. Мақсаттарды таңдап, жұмысты критерийлерімен және кілтімен жасаңыз.

Тақырып
61
Тоқсан
4
Сағат/апта
2
Жылына
68

Бағалау режимі

1-тоқсан

14 сағат

9.1 Электролиттік диссоциация

  1. 1.

    Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"

    9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру · 9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру

    1 сағ
  2. 2.

    Электролиттік диссоциациялану теориясы

    9.4.1.3 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру · 9.4.1.4 электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу

    1 сағ
  3. 3.

    Қышқыл, негіз, тұздардың электролиттік диссоциациясы. № 1 зертханалық тәжірибе "Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН анықтау"

    9.4.1.5 ерітінділердің қышқылдылығы мен сілтілігін ажырату · 9.4.1.6 қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру

    1 сағ
  4. 4.

    Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

    9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу

    1 сағ
  5. 5.

    № 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары"

    9.2.2.1 реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құру · 9.2.2.2 бейтараптану және ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру

    1 сағ
  6. 6.

    Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері

    9.3.4.1 қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру · 9.3.4.2 қышқылдар және негіздер,орта тұздардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау

    1 сағ
  7. 7.

    Тұздар гидролизі. № 2 зертханалық тәжірибе "Тұздар гидролизі"

    9.3.4.3 орта тұз ерітінді-сінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау · 9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру

    1 сағ

9.1 Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы

Бөлім бойынша БЖБ: Есептер шығару "Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер"

  1. 8.

    Катиондарға сапалық реакциялар. № 3 зертханалық тәжірибе "Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау"; № 4 зертханалық тәжірибе "Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар"

    9.4.1.8 Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау · 9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізу

    1 сағ
  2. 9.

    Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау"

    9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап, нәтижесін сипаттау

    1 сағ
  3. 10.

    № 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы"

    9.4.1.11 белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру

    1 сағ
  4. 11.

    Есептер шығару "Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер"БЖБ

    9.2.3.1 әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу

    1 сағ

9.1 Химиялық реакция жылдамдығы

Бөлім бойынша БЖБ: Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері"

  1. 12.

    Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. № 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы"; № 6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері"

    9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру · 9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

    1 сағ
  2. 13.

    Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері"БЖБ

    9.3.2.3 катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру · 9.3.2.4 реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру

    1 сағ

9.1 Қайтымды реакциялар

Бөлім бойынша БЖБ: Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. № 3 көрсетілім "Қайтымды химиялық реакциялар"; № 7 зертханалық тәжірибе "Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы"

  1. 14.

    Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. № 3 көрсетілім "Қайтымды химиялық реакциялар"; № 7 зертханалық тәжірибе "Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы"БЖБ

    9.3.3.1 тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау · 9.3.3.2 Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау

    1 сағ

2-тоқсан

11 сағат

9.2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Бөлім бойынша БЖБ: Электрондық баланс әдісі

  1. 1.

    Тотығу дәрежесі. Тотығу және тотықсыздану

    9.2.2.3 тотығу дәрежесі ұғымының мәнін түсіндіру және оны заттың формуласы бойынша анықтау · 9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну

    1 сағ
  2. 2.

    Тотығу-тотықсыздану реакциялары

    9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну · 9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну

    1 сағ
  3. 3.

    Электрондық баланс әдісіБЖБ

    9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою

    1 сағ

9.2 Металдар мен құймалар

Бөлім бойынша БЖБ: Есептер шығару "Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу"

  1. 4.

    Металдардың жалпы сипаттамасы. № 4 көрсетілім "Металдардың кристалдық тор модельдері"

    9.1.4.1 металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу · 9.1.4.2 металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру

    1 сағ
  2. 5.

    Металдар құймалары. № 5 көрсетілім "Металдар және құймалар"

    9.1.4.3 құйма ұғымын білу және оның артықшылықтарын түсіндіру · 9.1.4.4 шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру

    1 сағ
  3. 6.

    Металдарды алу

    9.4.2.6 кеннен металды алу үдерісін сипаттау

    1 сағ
  4. 7.

    Есептер шығару "Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу"БЖБ

    9.2.3.2 қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу

    1 сағ

9.2 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары

Бөлім бойынша БЖБ: № 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару

  1. 8.

    1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары. № 6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"

    9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру · 9.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

    1 сағ
  2. 9.

    2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары. № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі"

    9.2.1.3 1 (I) және 2 (IІ) -топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және химиялық реакция теңдеулерін құрастыру · 9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негізгі қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау

    1 сағ
  3. 10.

    13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары. № 7 көрсетілім "Алюминий мен оның құймалары"; № 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі"

    9.2.1.5 атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау · 9.2.1.6 алюминийдің, оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу

    1 сағ
  4. 11.

    № 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығаруБЖБ

    9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) -топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу

    1 сағ

3-тоқсан

18 сағат

9.3 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары

Бөлім бойынша БЖБ: Минералды тыңайтқыштар. № 9 көрсетілім "Минералды тыңайтқыштар"

  1. 1.

    Галогендер

    9.1.4.5 галоген молекулала-рының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрлері мен байланыс типтерін анықтау · 9.2.1.8 топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау

    1 сағ
  2. 2.

    Хлор

    9.2.1.9 хлордың физикалық қасиеттерін сипаттау және металдармен, сутекпен және галогенидтермен реакция теңдеулерін құру

    1 сағ
  3. 3.

    Хлорсутек қышқылы. № 10 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу"

    9.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және оның қолдану аясын білу

    1 сағ
  4. 4.

    16 (VI)-топ элементтері. Күкірт. № 8 көрсетілім "Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері"

    9.2.1.11 16 (VI) топ элементтерінің жалпы қасиеттерін сипаттау · 9.2.1.12 күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру

    1 сағ
  5. 5.

    Күкірттің қосылыстары

    9.2.1.13 күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру · 9.4.2.1 қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру

    1 сағ
  6. 6.

    Күкірт қышқылы және оның тұздары. № 5 практикалық жұмыс "Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу"

    9.2.1.14 күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

    1 сағ
  7. 7.

    Есеп шығару. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер"

    9.2.3.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу

    1 сағ
  8. 8.

    Азот.№ 11 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделі"

    9.2.1.15 азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру

    1 сағ
  9. 9.

    Аммиак. № 12 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі"

    9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру

    1 сағ
  10. 10.

    Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы. № 6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу". Аммиак өндірісі

    9.2.1.16 аммиакты алу және қасиеттері мен қолданылуын түсіндіру · 9.2.1.17 аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу

    1 сағ
  11. 11.

    Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері"

    9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру · 9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру

    1 сағ
  12. 12.

    Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері

    9.2.1.20 сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металдармен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және электронды баланс әдісімен реакция теңдеуін құрастыру · 9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру

    1 сағ
  13. 13.

    Фосфор және оның қосылыстары

    9.2.1.22 фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру · 9.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау

    1 сағ
  14. 14.

    Минералды тыңайтқыштар. № 9 көрсетілім "Минералды тыңайтқыштар"БЖБ

    9.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді білу · 9.4.2.4 азот және фосфор тыңайтқыш-тарының қоршаған ортаға әсерін оқып білу

    1 сағ

—

Бөлім бойынша БЖБ: Кремний және оның қосылыстары. № 10 көрсетілім "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері"

  1. 15.

    Кремний және оның қосылыстары. № 10 көрсетілім "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері"БЖБ

    9.2.1.24 кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру · 9.1.4.8 кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін сипаттау

    1 сағ

9.3 Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Бөлім бойынша БЖБ: Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы

  1. 16.

    Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы

    9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe) · 9.5.1.2 Қазақстан тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру

    1 сағ
  2. 17.

    Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. № 14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау"; № 15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау"

    9.5.1.3 кальций мен темірдің адам ағзасындағы рөлін түсіндіру · 9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау

    1 сағ
  3. 18.

    Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануыБЖБ

    9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру

    1 сағ

4-тоқсан

18 сағат

9.4 Органикалық химияға кіріспе

Бөлім бойынша БЖБ: Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын табу"

  1. 1.

    Органикалық заттардың ерекшеліктері

    9.4.3.1 органикалық қосылыстардың алуан түрлілігінің себептерін түсіндіру

    1 сағ
  2. 2.

    Органикалық қосылыстардың жіктелуі. № 11 көрсетілім "Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері"

    9.4.3.2 көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдарының жіктелуін білу · 9.4.3.3 функционалдық топ түсінігін берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру

    1 сағ
  3. 3.

    Органикалық қосылыс-тардың гомологтық қатарлары. № 12 көрсетілім "Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері"

    9.4.3.4 гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу

    1 сағ
  4. 4.

    Органикалық қосылыстардың номенклатурасы

    9.4.3.5 органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер, альдегидтер карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану

    1 сағ
  5. 5.

    Органикалық қосылыстардың изомериясы. № 13 көрсетілім "Пентан изомерлерінің модельдері"

    9.4.3.6 көмірсутектердің құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыра алужәне изомерия құбылысын білу

    1 сағ
  6. 6.

    Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын табу"БЖБ

    9.2.3.4 газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық немесе элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау

    1 сағ

9.4 Көмірсутектер. Отын

Бөлім бойынша БЖБ: Мұнай. № 16 көрсетілім "Мұнай және мұнай өнімдері"

  1. 7.

    Алкандар

    9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу · 9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру

    1 сағ
  2. 8.

    Алкендер. № 14 көрсетілім "Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі"

    9.4.3.9 қанықпағандық ұғымын сипаттау · 9.4.3.10 этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу

    1 сағ
  3. 9.

    Алкиндер

    9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу

    1 сағ
  4. 10.

    Ароматты көмірсутектер. Бензол

    9.4.3.14 бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау

    1 сағ
  5. 11.

    Көмірсутекті отындар. № 15 көрсетілім "Отын түрлері"

    9.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау · 9.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

    1 сағ
  6. 12.

    Мұнай. № 16 көрсетілім "Мұнай және мұнай өнімдері"БЖБ

    9.4.3.17 мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау

    1 сағ

9.4 Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Бөлім бойынша БЖБ: Амин қышқылдары. Нәруыздар. № 17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"

  1. 13.

    Оттекті органикалық заттар. Спирттер

    9.4.3.18 оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу · 9.4.3.19 спирттердің жіктелуін метанол мен этанолдың, қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру

    1 сағ
  2. 14.

    Карбон қышқылдары. № 16 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу"

    9.4.3.22 карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау

    1 сағ
  3. 15.

    Күрделі эфирлер мен майлар

    9.4.3.23 күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру

    1 сағ
  4. 16.

    Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар

    9.4.3.24 сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу · 9.4.3.25 синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

    1 сағ
  5. 17.

    Көмірсулар

    9.4.3.26 көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру

    1 сағ
  6. 18.

    Амин қышқылдары. Нәруыздар. № 17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"БЖБ

    9.4.3.27 нәруыздағы a- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру · 9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу

    1 сағ

Жиі қойылатын сұрақтар

Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен) 9-сынып бойынша қанша тақырып бар?

2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 61 тақырып бар.

Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?

Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.

БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?

Дайын құжатты бір минутта алыңыз

Осы пән бойынша БЖБ/ТЖБ жасау

Қатысты бөлімдер