ҚМЖ 11-сынып Всемирная история 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар
Төменде «Всемирная история» пәні бойынша 11-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына арналған 33 тақырып 4 тоқсан бойынша берілген. Әр тақырыпқа оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген: оларды ҚМЖ-ға тікелей қоюға болады. «Генераторға өту» батырмасы жоспарды бір минутта жасайды.
- Тақырып
- 33
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 1
- Жылына
- 68
1-тоқсан
16 сағатЭкономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық
- 1.2 сағ
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері
11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолдану; · 11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу
- 2.1 сағ
Дәстүрлі (аграрлық) экономика
11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау
- 3.2 сағ
Нарықтық экономика
11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру; · 11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау
- 4.2 сағ
Жоспарлы (социалистік) экономика
11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру; · 11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау
- 5.1 сағ
Экономиканың аралас түріБЖБ
11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу
Мемлекеттің экономикалық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері
- 6.2 сағ
Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдарыБЖБ
11.1.2.1 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу; · 11.1.2.2 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекет тердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау
Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі
- 7.2 сағ
Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі
11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау; · 11.1.3.2 алғышарттардың негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
- 8.2 сағ
Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдарыБЖБ
11.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау; · 11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау
2-тоқсан
16 сағатҚұқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
- 1.1 сағ
Құқықтық мемлекет түсінігі
11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "құқықтық мемлекет" ұғымын қолдану
- 2.2 сағ
Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі
11.2.1.2 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау; · 11.2.1.3 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу
- 3.2 сағ
Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы
11.2.1.4 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолдану; · 11.2.1.5 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының тарихи байланысын анықтау
- 4.1 сағ
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдарБЖБ
11.2.1.6 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау
Әлемнің қазіргі саяси жүйесі
- 5.2 сағ
Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі
11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау; · 11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау
- 6.2 сағ
Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесіБЖБ
11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолдану; · 11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау;
Қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі
- 7.2 сағ
Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер
11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "сепаратизм", "терроризм", "фундаментализм", "экстремизм", "миграция", "босқын" терминдерін қолдану; · 11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық терроризмнің таралу себептері мен салдарларын анықтау
- 8.2 сағ
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттеріБЖБ
11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау; · 11.2.3.3 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау
3-тоқсан
20 сағатЖаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы
- 1.2 сағ
Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттарыБЖБ
11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін "либерализм", "ұлтшылдық", "социал-демократия", "марксизм", "экзистенциализм", прагматизм", "позитивизм" түсініктерін қолдану; · 11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау; · 11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу
ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер
- 2.2 сағ
М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы
11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде "гандизм" ұғымын түсіндіру; · 11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау
- 3.2 сағ
Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы
11.3.2.3 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану; · 11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азамат- тық позициясының маңыздылығын бағалау;
- 4.2 сағ
Н. Манделла –апартеидке қарсы күресушіБЖБ
11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азамат- тық позициясының маңыздылығын бағалау; · 11.3.2.5 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын қолдану
ХХ ғасырдағы – ХХI ғасырдың. басындағы көрнекті саясаткер-реформатор лар
- 5.2 сағ
Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы
11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау; · 11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану; · 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
- 6.2 сағ
Франклин Делано Рузвельт және оның "жаңа бағыты"
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау; · 11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау
- 7.2 сағ
Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы
11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін "голлизм" ұғымын қолдану; · 11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу
- 8.1 сағ
Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы
11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін "қытайлық ерекшелігі бар социализм" ұғымын қолдану; · 11.3.3.8 ҚХР мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу себептерін талдау
- 9.1 сағ
Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: "үшінші әлемнен бірінші әлемге"
11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын тұжырымдау; · 11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру
- 10.2 сағ
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделіБЖБ
11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау; · 11.3.3.12 "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау қажеттілігін дәлелдеу; · 11.3.3.13 Қазақстан Республикасы ның Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсыну өзектілігін негіздеу
4-тоқсан
16 сағатБілім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде
- 1.2 сағ
Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері
11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу; · 11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау
- 2.2 сағ
Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін
11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау; · 11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау; · 11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру
- 3.2 сағ
Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгініБЖБ
11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу; · 11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау; · 11.4.1.8 заманауи жоғары білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау
Ғылыми-техникалық прогресс
- 4.2 сағ
Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері
11.4.2.1 мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын қолдану; · 11.4.2.2 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау;
- 5.2 сағ
Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемаларыБЖБ
11.4.2.3 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымын қолдану; · 11.4.2.4 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу
Қазіргі заманғы ғылыми технологиялар
- 6.2 сағ
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар
11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу; · 11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер дің ықтимал салдарын болжау
- 7.2 сағ
Қазіргі ғылымның перспективті салаларыБЖБ
11.4.3.3 ғылымның заманауи тенденция ларының дамуын түсіндіру үшін "гендік инженерия", "нанотехнология", "энергияның балама көздері" ұғымдарын қолдану; · 11.4.3.4 жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау; · 11.4.3.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндіру
Жиі қойылатын сұрақтар
Всемирная история 11-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 33 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Аптасына 1 сағат жүктемеде тоқсанына 2 БЖБ-дан аспайды, ТЖБ өткізілмейді, баға жартыжылдыққа қойылады.
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Тақырып бойынша ҚМЖ жасау