КТЖ 7-сынып Биология 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар
«Биология» пәні бойынша 7-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына КТЖ: 49 тақырып, сағат саны және оқу мақсаттары. Күндерді күнтізбе мен кесте бойынша автоматты есептеңіз.
- Тақырып
- 49
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 2
- Жылына
- 68
1-тоқсан
14 сағатЭкожүйелер
- 1.1 сағ
Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер). Зертханалық жұмыс "Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)".
- 2.1 сағ
Қоректік тізбектер және қоректік торлар. Модельдеу "Қоректік тізбек пен торды құру".
- 3.1 сағ
Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы.
- 4.1 сағ
Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.
- 5.1 сағ
Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері.
- 6.1 сағ
Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары.
- 7.1 сағ
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері.БЖБ
Тірі ағзаларды жүйелеу
- 8.1 сағ
Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.
- 9.1 сағ
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.
- 10.1 сағ
Дихотомиялықәдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану.БЖБ
Жасушалық биология Су және органикалық заттар
- 11.1 сағ
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.
- 12.1 сағ
Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі. Зертханалық жұмыс "Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу". Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.
- 13.1 сағ
Азық-түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс "Азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттеу".
- 14.1 сағ
Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі жәнефосфорлы).БЖБ
2-тоқсан
11 сағатЗаттардың тасымалдануы
- 1.1 сағ
Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі.
- 2.1 сағ
Сабақ және тамыр. Сабақтың ішкі құрылысы: қабық, камбий, сүрек, өзек. Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары. Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыс "Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу". Зертханалық жұмыс "Тамыр аймақтарын зерттеу".
- 3.1 сағ
Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері.
- 4.1 сағ
Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар.БЖБ
Тірі ағзалардың қоректенуі
- 5.1 сағ
Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.
- 6.1 сағ
Фотосинтезге қажетті жағдайлар. Зертханалық жұмыс "Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу".БЖБ
Тыныс алу
- 7.1 сағ
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Анаэробты және аэробты тынысалуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды/суыққанды жануарлар.
- 8.1 сағ
Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы мысалында Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер-дің тынысалуын зерттеу".
- 9.1 сағ
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүше-лері (бунақденелілердің демтүтік-тері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі). Модельдеу "Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесі мүшелерін салыстыру".
- 10.1 сағ
Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.
- 11.1 сағ
Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелері ауруларының себептері мен олардың алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).БЖБ
3-тоқсан
13 сағатБөліп шығару
- 1.1 сағ
Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.
- 2.1 сағ
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу"
- 3.1 сағ
Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру.БЖБ
Қозғалыс
- 4.1 сағ
Өсімдіктердің қозғалысы. Қозға-лыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі
- 5.1 сағ
Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыстәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.БЖБ
Координация және реттелу
- 6.1 сағ
Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді.
- 7.1 сағ
Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.
- 8.1 сағ
Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.
- 9.1 сағ
Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі. Зертханалық жұмыс "Тізе рефлексі".
- 10.1 сағ
Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.
- 11.1 сағ
Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі.
- 12.1 сағ
Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Күйзеліс. Күйзеліс жағдайларымен күрес және олардың алдын алу әдістері.
- 13.1 сағ
Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері.БЖБ
4-тоқсан
11 сағатТұқымқуалау мен өзгергіштік
- 1.1 сағ
Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік. Модельдеу "Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу"
- 2.1 сағ
Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны. Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиыны.БЖБ
Көбею. Өсу және даму
- 3.1 сағ
Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы
- 4.1 сағ
Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері".
- 5.1 сағ
Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы.
- 6.1 сағ
Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю. Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар. Зертханалық жұмыс "Жылдық сақинаны санау"
- 7.1 сағ
Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері. Бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуына мысалдар. Модельдеу "Жануарлардағы онтогенез типтерін салыстыру".БЖБ
Микробиология және биотехнология
- 8.1 сағ
Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Зертханалық жұмыс "Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру" Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары
- 9.1 сағ
Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы. Зертханалық жұмыс "Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу".
- 10.1 сағ
Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Зертханалық жұмыс "Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу".
- 11.1 сағ
Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері.БЖБ
Жиі қойылатын сұрақтар
Биология 7-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 49 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Күндері бар КТЖ жасау