ҚМЖ 8-сынып Биология 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар
Төменде «Биология» пәні бойынша 8-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына арналған 58 тақырып 4 тоқсан бойынша берілген. Әр тақырыпқа оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген: оларды ҚМЖ-ға тікелей қоюға болады. «Генераторға өту» батырмасы жоспарды бір минутта жасайды.
- Тақырып
- 58
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 2
- Жылына
- 68
1-тоқсан
13 сағатЖасушалық биология
- 1.1 сағ
Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, Гольджи аппараты, вакуоль.
8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстыру
- 2.1 сағ
Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу". Зертханалық жұмыс "Жануарлар ұлпаларын жіктеу".
8.4.2.1 өсімдік және жануар ұлпаларын жіктеу
Молекулалық биология
- 3.1 сағ
Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық.
8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау
- 4.1 сағ
Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі. Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз.
8.4.1.2 көмірсулар мен липидтердің биологиялық қызметтерін сипаттау
- 5.1 сағ
Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері.БЖБ
8.4.1.3 нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау
Тірі ағзалардың көп түрлілігі
- 6.1 сағ
Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар.
8.1.1.1 балдырлар мүктәрізділер, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдік-тердің ерекшеліктерін сипаттау
- 7.1 сағ
Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.
8.1.1.2 саңырауқұ-лақтардың ерекшелік белгілерін сипаттау
- 8.1 сағ
Зертханалық жұмыс "Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу".
8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер кластарын негізгі белгілеріне қарай ажырату,
- 9.1 сағ
Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама. Демонстрация "Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау".БЖБ
8.1.1.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану
Қоректену
- 10.1 сағ
Жауын құртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы. Модельдеу "Адамның, сиырдың және жауынқұртының" асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру.
8.1.2.1 омыртқасыз-дар, күйіс қайыратын жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
- 11.1 сағ
Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы. Адамның асқорыту жолдарының құрылысы. Асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі.
8.1.2.2 әртүрлі типті тістердің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланы-сын және тісті күту ережелерін сипаттау · 8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру
- 12.1 сағ
Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт ауруларының алдын алу.
8.1.2.4 ас қорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану белгілерін анықтау
- 13.1 сағ
Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз. А авитаминоздағы ақшам соқыр, В1 авитаминоздағы бери – бери ауруы, С авитаминоздағы қырқұлақ, Д авитаминоздағы мешел аурулары. Зертханалық жұмыс "Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау".БЖБ
8.1.2.5 адам ағза-сындағы дәрумендер-дің маңыздылығын сипаттау · 8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау · 8.1.2.7 азық- түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
2-тоқсан
14 сағатЗаттардың тасымалдануы
- 1.1 сағ
Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы. Лимфа. Лимфа айналымы мен оның маңызы. Гомеостаз.Ағзаның ішкі ортасы: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы.
8.1.3.5 лимфа жүйелерін және қан, ұлпалық сұйықтық пен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау
- 2.1 сағ
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық.
8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау
- 3.1 сағ
Зертханалық жұмыс "Әр түрлі ағзалардың қан жасушаларын зерттеу". Қан жасушаларын формасына, мөлшеріне, санына және ядросының болуына қарай салыстыру.
8.1.3.2 дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу,
- 4.1 сағ
Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В- лимфоциттердің әрекет етуі.
8.1.3.3 лейкоцит-тердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау · 8.1.3.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру
- 5.1 сағ
Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес
8.4.3.1 қарапайым-дылар, бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустармен туындай-тын аурулардың ерекшеліктері мен алдын алу шараларын сипаттау
- 6.1 сағ
Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцина) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу.
8.1.3.6 аурулардың алдын алуындағы вакцинацияның ролін бағалау
- 7.1 сағ
Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт.
8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру
- 8.1 сағ
Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі.
8.1.3.8 жануарлардың жүрегінің құрылысы мен қантамыр жүйелерінің маңызын сипаттау · 8.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату
- 9.1 сағ
Қантамырлар жүйесінің түрлері. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі.
8.1.3.10 ануарлардың қантамырлар жүйесінің түрлерін сипаттау
- 10.1 сағ
Зертханалық жұмыс "Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу"
8.1.3.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
- 11.1 сағ
Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау т.б.БЖБ
8.1.3.12 қантамыр жүйесі мүшелерінің ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
Тыныс алу
- 12.1 сағ
Альвеола мен қан арасындағы газ алмасу. Өкпедегі қанның оттекке қанығуы. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу. Қанның көмірқышқыл газына қанығуы, жасушаның оттекке қанығуы.
8.1.4.1 өкпе менұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттау
- 13.1 сағ
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі.
8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
- 14.1 сағ
Тыныс алудың минуттық көлемі. Әр түрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. Тынысалу қозғалыстарының жиілігі. Шылым шегудің өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсері. Зертханалық жұмыс "Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу".БЖБ
8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
3-тоқсан
17 сағатБөліп шығару
- 1.1 сағ
Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері).
8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттау · 8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
- 2.1 сағ
Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі
8.1.5.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау
- 3.1 сағ
Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу бөртпелері,). Белгілері мен алдын алу шаралары.БЖБ
8.1.5.4 тері ауруларын және оның алдын алу шараларын түсіндіру
Қозғалыс. Биофизика
- 4.1 сағ
Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі
8.1.6.1 тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау
- 5.1 сағ
Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы. Зертханалық жұмыс "Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы". Демонстрация "Сүйектің химиялық құрамы".
8.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу
- 6.1 сағ
Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы.
8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру
- 7.1 сағ
Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі.
8.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы мен олардың қызметтері арасындағы байланысты орнату
- 8.1 сағ
Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек). Зертханалық жұмыс "Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу" Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу.
8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының қызметтері түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау · 8.1.6.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану
- 9.1 сағ
Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары.
8.1.6.7 гиподинамия салдарын атау · 8.1.6.8 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
- 10.1 сағ
Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер.БЖБ
8.4.4.1 тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттеу
Координация және реттелу
- 11.1 сағ
Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу"
8.1.7.1 көруді қабыл-дау ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережелерін сипаттау
- 12.1 сағ
Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу". (құлақтың есту қабілетін анықтау).
8.1.7.2 дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зертеу және есту мүшелерінің гигиенасы ережелерін сипаттау
- 13.1 сағ
Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс "Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі".
8.1.7.3 көру және есту рецепторлары-ның құрылымы мен қызметін сәйкестендіру
- 14.1 сағ
"Гормондар", "Гуморальдық реттелу" ұғымдары. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы және қызметі. Бездерден бөлінетін гормондар.
8.1.7.4 эндокикринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау · 8.1.7.5 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру
- 15.1 сағ
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо- және гиперфункция)
8.1.7.6 эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау
- 16.1 сағ
Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицептор-лар). Зертханалық жұмыс "Тері сезімталдығын зерттеу"
8.1.7.7 терінің сезімталдығын зерттеу
- 17.1 сағ
Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі.БЖБ
8.1.7.8 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау
4-тоқсан
14 сағатКөбею
- 1.1 сағ
Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы.
8.2.2.1 тірі ағзалардың өсуі мен дамуы үшін митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру
- 2.1 сағ
Жануарлардың көбею формалары. Жыныссыз көбею типтері. Жынысты көбею.
8.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
- 3.1 сағ
Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит.
8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
- 4.1 сағ
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердың тіршілік циклі.
8.2.1.3 ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру
Өсу және даму
- 5.1 сағ
Эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула. Ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануы. Органогенез.БЖБ
8.2.3.1 эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау · 8.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасқан мүшелер мен ұлпалар дифференциасын сипаттау
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
- 6.1 сағ
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс.
8.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу
- 7.1 сағ
Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері.
8.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
- 8.1 сағ
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары.
8.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу
- 9.1 сағ
Қазақстан территориясында кездесетін егістік дақылдар мен үй жануарларының қолтұқымдары. Маңызды белгілер.
8.2.4.4 маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау
Биосфера, экожүйе, популяция
- 10.1 сағ
Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйелері. Модельдеу "Су және құрлық экожүйелерін салыстыру"
8.3.1.1 экожүйелер-дің жалпы құрылымы-ның сызбасын жасау · 8.3.1.2 су және құрлық экожүйелерін салыстыру
- 11.1 сағ
Популяцияның құрылымының негізгі сипаттамалары және ерекшеліктері. Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдері. (Тіршілікті сақтаудың К және r стрпатегиялары). "Жыртқыш-жемтік" қарымқатынас түрі. Популяция санының өзгеруі.
8.3.1.3 популяция-ның негізгі қасиетте-рін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау · 8.3.1.4 ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу · 8.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату
- 12.1 сағ
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері. Ағзалардың тікелей және жанама қарымқатынас түрлері. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі.БЖБ
8.3.1.6 тірі ағзалар-дың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау · 8.3.1.7 тірі ағзалар-дың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
- 13.1 сағ
Адамның табиғаттағы ролі. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау. Дүниежүзілік Тұқым қоры.
8.3.2.1 биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздеу · 8.3.2.2 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау
- 14.1 сағ
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Себептері мен салдарлары. Оларды шешу жолдары.БЖБ
8.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
Жиі қойылатын сұрақтар
Биология 8-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 58 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Тақырып бойынша ҚМЖ жасау