КТЖ 9-сынып Биология 2026–2027: тақырыптар мен мақсаттар
«Биология» пәні бойынша 9-сынып үшін 2026–2027 оқу жылына КТЖ: 51 тақырып, сағат саны және оқу мақсаттары. Күндерді күнтізбе мен кесте бойынша автоматты есептеңіз.
- Тақырып
- 51
- Тоқсан
- 4
- Сағат/апта
- 2
- Жылына
- 68
1-тоқсан
15 сағатЖасушалық биология
- 1.1 сағ
Жасушаның негізгі компонент-терінің қызметтері. Жасуша құрылымдары:плазмалық мембрана, цитоплазма, ядро, эндоплазмалық тор, жасуша орталығы, рибосомалар, Гольджи аппараты мен лизосомалар, митохондрия, пластидтер, қозғалыс органоидтары, жасушаның қосындылары. Құрылыстары және атқаратын қызметтері.
- 2.1 сағ
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу. Ұлғаю, актуальды өлшемі және суреттің нақты өлшемі. Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аудару (сантиметр-миллиметр-микрометр-нанометр). Модельдеу "Микрофотографияларды пайдаланып жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу".
Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе
- 3.1 сағ
Әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс "Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті регионның) анықтау".
- 4.1 сағ
Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы.
- 5.1 сағ
Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.
- 6.1 сағ
Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі.БЖБ
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
- 7.1 сағ
Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері.
- 8.1 сағ
Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері.
- 9.1 сағ
Жылыжай эффктісі (булану) және озон қабатыныңжұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері.
Қоректену
- 10.1 сағ
Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару.
- 11.1 сағ
Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы. Зертханалық жұмыс "Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу".
- 12.1 сағ
Өттің әсерінен майлардың эмульгациясы. Зертханалық жұмыс "Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу".БЖБ
Заттар тасымалы
- 13.1 сағ
Активті және пассивті тасымалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Жасуша мембранасы арқылы тасымалдану. Белсенді тасымалдану кезіндегі энергияның жұмсалуы.
- 14.1 сағ
Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. Зертханалық жұмыс "Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу. Зертханалық жұмыс "Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері".
- 15.1 сағ
Сыртқы факторлардың флоэмада зат тасымалына әсері: температура, ылғалдылық, жарықБЖБ
2-тоқсан
13 сағатТыныс алу
- 1.1 сағ
Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыны салу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері.
- 2.1 сағ
Аэробты, анаэробты тынысалу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы. Аэробты және анаэробты тынысалуға физикалық жүктемелердің әсері.БЖБ
Бөліп шығару
- 3.1 сағ
Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері.
- 4.1 сағ
Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар (кариес, іріңді ангина т.б.)
- 5.1 сағ
Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары.
- 6.1 сағ
Құрлықта, шөлде, тұщы және тұзды суларда тіршілік ететін тірі ағзалардың зат алмасуының соңғы өнімдері. Құрамында азоты бар органикалық заттардың ыдырау өнімдері: аммиак, несепнәр, несеп қышқылы.БЖБ
Координация және реттелу
- 7.1 сағ
Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. Модельдеу "Жүйке ұлпаларын зерттеу".
- 8.1 сағ
Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы. Модельдеу "Жүйке импульстарының туындауы мен таралу жылдамдығын зерттеу".
- 9.1 сағ
Тірі ағзалардағы электрлік үдерістер. Электрорецепторлар және электрлі мүшелер.
- 10.1 сағ
Тынысалу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогумо-ральдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі.
- 11.1 сағ
Нейрокомпьютерлік интерфейс. Компьютер мен ми арасындағы ақпарат алмасу жүйесі.
- 12.1 сағ
Гомеостазды тұрақты ұстаудың механизмдері.
- 13.1 сағ
Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші. Зертханалық жұмыс "Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу".БЖБ
3-тоқсан
13 сағатҚозғалыс
- 1.1 сағ
Бұлшық еттің жұмысы. Демонстрация " Негізгі бұлшық еттердің жұмысын өзіндік бақылау, иық белдеуінің қол қозғалысындағы рөлі.Бұлшықет қозғалысын реттеу" Зертханалық жұмыс "Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын зерттеу".
Молекулалық биология
- 2.1 сағ
Дезоксирибонуклеин қышқылының молекулалық құрылысының принцптері:нуклеотидтердің комплементарлылығы. Модельдеу "Дезоксирибонуклеин қышқылы" молекуласын құру"БЖБ
Жасушалық цикл
- 3.1 сағ
Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: Gl, S және G2.
- 4.1 сағ
Митоз. Митоз фазалары. Зертханалық жұмыс "Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митозды зерттеу"
- 5.1 сағ
Мейоз. Мейоз фазалары. Мейоз бен митозды салыстыру. Модельдеу "Мейоз кезеңдерңн зерттеу".
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
- 6.1 сағ
Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалаузаңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі.
- 7.1 сағ
Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының цитологиялық негіздері. Гаметалар тазалығы және оның цитологиялық негіздемесі. Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы.
- 8.1 сағ
Аллельді гендердің әрекеттесуі: толықжәне толымсыз. Доминантты-лық белгілердің пайда болуы. Талдаушы шағылыстыру ұғымы мен оның практикалық маңызы.
- 9.1 сағ
Жыныс генетикасы. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Жыныспен тіркесіп тұқымқуалау. Гемофилия және дальтонизм.
- 10.1 сағ
Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор.
- 11.1 сағ
Адам генетикасы. Адамның тұқым-қуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық аурулары-ның алдын алу. Модельдеу "Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру".
- 12.1 сағ
Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары. Өнімділігі жоғары ауыл шаруашылықты жүргізудің жаңа баламалы жолдары.БЖБ
Микробиология және биотехнология
- 13.1 сағ
Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі.БЖБ
4-тоқсан
10 сағатКөбею
- 1.1 сағ
Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі.
- 2.1 сағ
Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу.
- 3.1 сағ
Менструалдық цикл: менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы.
- 4.1 сағ
Контрацепция түрлері. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары.БЖБ
Өсу және даму
- 5.1 сағ
Құрсақта даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы.
- 6.1 сағ
Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсеріБЖБ
Эволюциялық даму
- 7.1 сағ
Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері.
- 8.1 сағ
Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы.
- 9.1 сағ
Эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделушілік. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутация-лық, комбинтивтік) рөлі. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы). Тіршілік үшін күрес (түрішілік, түраралық). Модельдеу "Бейімдел-гіштікті табиғи сұрыпталу нәтижесі ретінде зерттеу (көбелек)".
- 10.1 сағ
"Түр" ұғымының анықтамасы. Түр-дің құрылымы. Түр критерийлері. "Түр түзілу" ұғымы. Түр түзілудің тәсілдері мен механизмдері.БЖБ
Жиі қойылатын сұрақтар
Биология 9-сынып бойынша қанша тақырып бар?
2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 51 тақырып бар.
Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?
Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.
БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?
Дайын құжатты бір минутта алыңыз
Күндері бар КТЖ жасау