БЖБ және ТЖБ 7-сынып Всемирная история 2026–2027: тақырыптар мен

«Всемирная история» пәні, 7-сынып: бөлімдер мен тақырыптар тоқсандар бойынша. БЖБ өткізілетін 13 тақырып белгіленген. Мақсаттарды таңдап, жұмысты критерийлерімен және кілтімен жасаңыз.

Тақырып
24
Тоқсан
4
Сағат/апта
1
Жылына
68

Бағалау режимі

Аптасына 1 сағат жүктемеде тоқсанына 2 БЖБ-дан аспайды, ТЖБ өткізілмейді, баға жартыжылдыққа қойылады.

1-тоқсан

16 сағат

1-бөлім. Жаңа заманның басталуы

Бөлім бойынша БЖБ: Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?

  1. 1.

    Курсқа кіріспе. XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды?

    7.4.2.3 дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін "жаңа заман" ұғымын қолдану; · 7.3.2.1 Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау;

    3 сағ
  2. 2.

    Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?БЖБ

    7.4.1.1 себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру; · 7.1.1.2 мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау;

    3 сағ

2-бөлім. XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания

Бөлім бойынша БЖБ: Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды?

  1. 3.

    Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды?БЖБ

    7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; · 7.1.1.3 Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;

    3 сағ

3-бөлім. Ағартушылық идеяларының таралуы

Бөлім бойынша БЖБ: Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті?

  1. 4.

    Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты?

    7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау · 7.2.3.2 Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;

    2 сағ
  2. 5.

    Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті?БЖБ

    7.3.2.7 еуропалық революциялардың солтүстікамерикалық қоғамның дамуына ықпалын сипаттау; · 7.2.3.2 Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;

    3 сағ

2-тоқсан

16 сағат

4-бөлім. Француз бұржуазиялықреволюциясы ның көрінісі

Бөлім бойынша БЖБ: Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды?

  1. 1.

    1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды?

    7.3.2.1 Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау; · 7.1.2.1 экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

    3 сағ
  2. 2.

    Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды?

    7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; · 7.2.2.2 өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;

    3 сағ
  3. 3.

    Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды?БЖБ

    7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; · 7.3.2.4 империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында);

    3 сағ

5-бөлім. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

Бөлім бойынша БЖБ: Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды?

  1. 4.

    Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды?

    7.3.2.2 XVIII - XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау · 7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау

    2 сағ
  2. 5.

    Танзимат саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме?

    7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау · 7.3.2.2 XVIII - XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

    2 сағ
  3. 6.

    Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды?БЖБ

    7.3.2.2 XVIII - XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

    1 сағ

3-тоқсан

20 сағат

6-бөлім. XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері

Бөлім бойынша БЖБ: Неліктен Апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

  1. 1.

    Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз?

    7.3.2.2 XVIII - XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

    2 сағ
  2. 2.

    Неліктен Апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?БЖБ

    7.1.1.3 Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау; · 7.2.1.2 миссионерліктің міндеттерін анықтау

    4 сағ

7-бөлім. Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері

Бөлім бойынша БЖБ: Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?

  1. 3.

    1848 жылғы революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?

    7.3.2.1 Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау; · 7.1.2.1 экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

    4 сағ
  2. 4.

    Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?БЖБ

    7.3.1.4 әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау; · 7.3.2.5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "либерализм", "консерватизм", "социализм", "марксизм", "ұлтшылдық" ұғымдарын қолдану

    2 сағ

8-бөлім. XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Бөлім бойынша БЖБ: Неліктен ІІ Александр патша "Халық еркі" ұйымының құрбаны болды?

  1. 5.

    Неліктен ІІ Александр патша "Халық еркі" ұйымының құрбаны болды?БЖБ

    7.2.3.1 Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау; · 7.3.1.3 тарихи оқиғаны түсіндіру үшін "басыбайлы құқық", "декабристер", "халықшылдар", "жеке террор", "пролетариат диктатурасы" ұғымдарын қолдану

    2 сағ

9-бөлім. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік

Бөлім бойынша БЖБ: Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты?

  1. 6.

    1857-1859 жылдардағы. Үндістандағы оқиғаларды XIX ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды?

    7.1.1.3 Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау; · 7.3.2.6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

    2 сағ
  2. 7.

    Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты?БЖБ

    7.3.2.6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; · 7.3.2.3 отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау

    2 сағ

4-тоқсан

16 сағат

10-бөлім. Америка Құрама Штаттарының күшеюі

Бөлім бойынша БЖБ: Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді?

  1. 1.

    АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді?

    7.3.1.2 XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау

    2 сағ
  2. 2.

    АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды?

    7.1.2.2 трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау; · 7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау

    2 сағ
  3. 3.

    Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді?БЖБ

    7.4.1.3 АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау; · 7.3.2.6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

    4 сағ

11-бөлім. Суретшілер мен жазушылар

Бөлім бойынша БЖБ: XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді?

  1. 4.

    XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді?БЖБ

    7.2.2.2 өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау; · 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

    2 сағ

XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу

Бөлім бойынша БЖБ: Эмиль Золяның "Мен айыптаймын!" атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?

  1. 5.

    Эмиль Золяның "Мен айыптаймын!" атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?БЖБ

    7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; · 7.3.2.5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "либерализм", "консерватизм", "социализм", "марксизм", "ұлтшылдық" ұғымдарын қолдану

    2 сағ

12-бөлім. Ғылыми ойдың дамуы

Бөлім бойынша БЖБ: XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды?

  1. 6.

    XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды?БЖБ

    7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау; · 7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау

    2 сағ

Жиі қойылатын сұрақтар

Всемирная история 7-сынып бойынша қанша тақырып бар?

2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 24 тақырып бар.

Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?

Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.

БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?

Аптасына 1 сағат жүктемеде тоқсанына 2 БЖБ-дан аспайды, ТЖБ өткізілмейді, баға жартыжылдыққа қойылады.

Дайын құжатты бір минутта алыңыз

Осы пән бойынша БЖБ/ТЖБ жасау

Қатысты бөлімдер