БЖБ және ТЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы 2026–2027: тақырыптар мен

«Дүниежүзі тарихы» пәні, 10-сынып: бөлімдер мен тақырыптар тоқсандар бойынша. БЖБ өткізілетін 4 тақырып белгіленген. Мақсаттарды таңдап, жұмысты критерийлерімен және кілтімен жасаңыз.

Тақырып
30
Тоқсан
4
Сағат/апта
1
Жылына
34

Бағалау режимі

Аптасына 1 сағат жүктемеде тоқсанына 2 БЖБ-дан аспайды, ТЖБ өткізілмейді, баға жартыжылдыққа қойылады.

1-тоқсан

8 сағат

Өркениет: даму ерекшеліктері

Бөлім бойынша БЖБ: Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы

  1. 1.

    "Өркениет" түсінігі

    10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану · 10.1.1.2 "Өркениет" түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

    1 сағ
  2. 2.

    Өркениеттің: дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрлері

    10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрінің ерекшеліктерін анықтау · 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау

    1 сағ
  3. 3.

    Ежелгі әлем өркениеті

    10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау · 10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін талдау

    1 сағ
  4. 4.

    Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері

    10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау · 10.1.3.3 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін талдау

    1 сағ
  5. 5.

    Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

    10.1.3.4 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау · 10.1.3.6 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау

    1 сағ
  6. 6.

    Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы

    10.1.4.1 себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау · 10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау

    1 сағ
  7. 7.

    Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы

    10.1.4.3 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау

    1 сағ
  8. 8.

    Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясыБЖБ

    10.1.4.4 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру · 10.1.4.5 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау

    1 сағ

2-тоқсан

6 сағат

Этника лық және әлеумет тік процестер

Бөлім бойынша БЖБ: Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары

  1. 1.

    Адамның шығу тегі теориялары

    10.2.1.1 антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

    1 сағ
  2. 2.

    Этностардың пайда болуы және дамуы

    10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдарын қолдану · 10.2.1.3 әлем картасын пайдалана отырып әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру

    1 сағ
  3. 3.

    Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары

    10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "ұлтшылдық", "шовинизм", "нәсілдік кемсітушілік" терминдерін қолдану · 10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау

    1 сағ
  4. 4.

    Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері

    10.2.2.3 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау · 10.2.2.4 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу

    1 сағ
  5. 5.

    Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі

    10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолдану · 10.2.3.2 социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

    1 сағ
  6. 6.

    Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларыБЖБ

    10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру · 10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу

    1 сағ

3-тоқсан

10 сағат

Мемлекет, соғыс және револю циялар тарихы нан

Бөлім бойынша БЖБ: Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары

  1. 1.

    Мемлекет түсінігі және саяси режимдердің түрлері

    10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолдану · 10.3.1.2 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру

    1 сағ
  2. 2.

    Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы

    10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек-парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру · 10.3.2.2 эллинизмді таратудағы А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау

    1 сағ
  3. 3.

    Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде

    10.3.2.3 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау · 10.3.2.4 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өтудің заңдылығын тұжырымдау

    1 сағ
  4. 4.

    Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары

    10.3.2.5 дәйекті қорытындылар жасау арқылы араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының себептерін анықтау

    1 сағ
  5. 5.

    Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы

    10.3.2.6 моңғол шапқыншылығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау · 10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау

    1 сағ
  6. 6.

    Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері

    10.3.2.8 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату · 10.3.2.9 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау

    1 сағ
  7. 7.

    ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері

    10.3.2.10 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру · 10.3.2.11 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау

    1 сағ
  8. 8.

    Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы

    10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау · 10.3.3.2 буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру

    1 сағ
  9. 9.

    Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде

    10.3.3.3 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу · 10.3.3.4 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау

    1 сағ
  10. 10.

    Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдарыБЖБ

    10.3.3.6 Шығыс Еуропадағы "барқыт" революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау · 10.3.3.7 "араб көктемі" және "түрлі-түсті революциялардың" ішкі және сыртқы факторларын анықтау

    1 сағ

4-тоқсан

6 сағат

Мәдениет тің дамуы

Бөлім бойынша БЖБ: Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі

  1. 1.

    Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі

    10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу жолдарын түсіндіру · 10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау

    1 сағ
  2. 2.

    Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы

    10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау · 10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру

    1 сағ
  3. 3.

    Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері

    10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракционизм", "модернизм", "постмодер- низм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреа- лизм", "хайтек" терминдерін қолдану · 10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау

    1 сағ
  4. 4.

    Зманауи өнердің даму тенденциялары

    10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау · 10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау

    1 сағ
  5. 5.

    Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі

    10.4.3.1 қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мысалдарын зерттеу · 10.4.3.2 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау

    1 сағ
  6. 6.

    Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесіБЖБ

    10.4.3.3 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру · 10.4.3.4 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау

    1 сағ

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниежүзі тарихы 10-сынып бойынша қанша тақырып бар?

2026–2027 оқу жылына арналған бағдарламада 30 тақырып бар.

Оқу мақсаттарының кодтарын қайдан алуға болады?

Әр тақырып жанында бағдарламадағы оқу мақсаттарының кодтары көрсетілген; оларды жоспарға көшіріңіз.

БЖБ және ТЖБ бұл пәнге өткізіле ме?

Аптасына 1 сағат жүктемеде тоқсанына 2 БЖБ-дан аспайды, ТЖБ өткізілмейді, баға жартыжылдыққа қойылады.

Дайын құжатты бір минутта алыңыз

Осы пән бойынша БЖБ/ТЖБ жасау

Қатысты бөлімдер